Атырау, 18 сәуір 18:56
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Жолдың жағдайына жүргізушілер баға береді

1 734 просмотра

Биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 70%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Қуанышбек ҚАБДЫҒАЛИ мәлім етті, - деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Биыл жыл аяғына дейін 37 елді мекенде 200 шақырымнан астам көлік жолдарын жөндеу жоспарланып отыр. Қазір облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау» жолының  87 шақырымын  қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі сәтте аталған жолдың 31,5 шықырымы қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, «Ганюшкино-Приморье-Утеры-Котяевка» жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деді Қ.Қабдығали. 

Оның айтуынша, Қызылқоға ауданының Тайсоған ауылына кірме жолын, «7 разъезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік» жолын орташа жөндеу және «Миялы-Ойыл» жолын күрделі жөндеу жобалары әзірленіп жатыр.

Бұдан басқа, биыл Исатай ауданынының Жанбай және Исатай ауылдары, Құрманғазы ауданының Нұржау, Махамбет ауданының Сарытоғай,  Мақат ауданының Мақат, Доссор және Бәйгетөбе ауылдарының ауылішілік, кірме жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдары қайта жаңғыртылып жатыр.

Атырау қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімінің бас маманы Ержан ҚАЙНОЛЛАЕВ биыл жол кептелісінің алдын алу мақсатында 21,1 шақырымды құрайтын бес көшенің жолы қайта жаңғыртылатынын айтты.  Оның айтуынша, бүгінде Әуезов көшесінің 2,8 шақырымы мен Балықшы - Зарослый аралығындағы 5,7 км учаскеде жол салу жұмыстары жүргізілуде.  - Биыл Еркінқала-2, Зарослый-1, Ракуша, Балауса ықшамаудандары мен басқа да жерлерде жалпы ұзындығы 135,8 шақырым болатын 230 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Е.Қайноллаев.  

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 мамыр 2022, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.