Атырау, 19 сәуір 05:49
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді​". "Маған ешкім алғыс айтқан жоқ». Сәбиттің сәбиді құтқарған сәтін таспаға түсірген келіншек өкпелеп қалды​". "Тоқаевтың қолына билік енді тигендей...​". "Құшақтап, бірге жыладық".

8 865 просмотра

ZHASALASH.KZ. «BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді» - Ақпанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Түркі әлемінің рухани астанасы атанған Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарын жүргізуде мемлекеттік тапсырыстардың 25 пайызын BI Groupпен Bazis-А компанияларының тендерсіз, айрықша артықшылықтар арқылы ұтып алғанын жариялаған еді. Атышулы BI Group-қа қатысты тексерулер, жаға ұстатар фактілер мұнымен бітпейтін сыңайлы.

«Тоқаевтың қолына билік енді тигендей...» - Отыз жылға жуық бір адамның билікті бермеуі қазақ қоғамын жалықтырғаны рас. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басына келуінен қазақ қоғамы зор үміт күтті. Келе сала, халықтың  өзекті мәселесіне назар аударып, кейбір санаттағы отбасыларының несиесінің жабылуы, әр азаматқа зейнетақы қорындағы қаржысын пайдалануға рұқсат берілуі, несиеден қажыған талай қазақты қуантты. «Халқына шын жаны ашитын тұлға билік басына келді ме», деген халықтың мемлекет басшысына айтарлықтай іші жыли бастады.

«Жердегі жалғыз жаман – Қазақстан боп қалмасын» - Ресей екеш Ресей де есін жиятыны анық. Ертең орыстың елі жөнделіп, түзеліп, тазарып кетуі бек, мүмкін. Біз кездері аюдай ақырып тұрған алып федерацияны 22 жыл бойы бір өзі билеп-төстеп, ақыры, адастырып, аяқтан шалып тынған Путин мен оның көрші Қазақстанға жұқтырған «путинизмнің» күні осымен бітті, деп болжайтын сарапшылар күрт көбейді.  

«Мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын шалғайдағы ауыл халқы көріп отыр ма?» - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бекітілген тәртіпке сәйкес облыс әкімдері енді бұдан былай сол өңірдегі аудан, қала халқымен жылына екі рет кездеседі. Халықпен кездесулер бұрынғыдай есеп беру, баяндама оқу сияқты жаттанды сценарий түрінде емес, нақты проблемаларды шешуге арналуы тиіс. Әкімдердің есеп беру форматы өзгерді.Ал халық пен билік арасындағы байланыс, елдің тұрмысы қаншалықты өзгереді?

NEGE.KZ. «Маған ешкім алғыс айтқан жоқ». Сәбиттің сәбиді құтқарған сәтін таспаға түсірген келіншек өкпелеп қалды» -  Бірнеше күннен бері Сәбит Шонтақбаевтың ерлігі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ол 8-қабаттан құлап кетуге шақ қалған сәбиді құтқарып қалды. Ал оның ерлігін таспаға түсіріп алған елордалық тұрғын өз еңбегінің ескерусіз қалғанын айтуда.

«Бармақ басты, көз қысты». Ақтөбе облыстық прокуратурасында не болып жатыр?» - Наурыз айының соңында Ақтөбе облыстық прокуратурасындағы келеңсіздіктер туралы «Сұйытылған газдың сергелдеңі. Ақтөбе облысында НЕГЕ «жарылыс» болуы мүмкін?» деп аталатын зерттеу мақала жарияланған. Онда облыс прокуроры Марат Қайбжановтың «заңсыз іс-әрекеттері» туралы сөз болады.

«Ол туралы әңгіме көбейіп барады». Айдын Рахымбаев 1 миллиард теңге салықтан НЕГЕ жалтарған?» - Мемлекеттік кірістер комитеті Айдын Рахымбаевқа тиесілі «BI Group» холдингінің 2021 жыл мен биылғы жылдың 4 айында 900 миллион теңге салықтан жалтарғанын анықтап, оған осы көлемде қосымша салық салған. Онымен қоса «BI Group» салықтық жүктеме коэффиценті төмен компания деп танылып отыр.

«Қауіп қайдан деме: Сыртқы кепілден ішкі кепіл НЕГЕ маңыздырақ?» - Қаңтар қанды қырғынының бір тағылымы сол: төңкеріс қаупі төнген билікке ішкі және сыртқы кепілдіктер керек.

AZATTYQ.ORG. «Құшақтап, бірге жыладық». Қазақ дәрігерлері Украинаға көмекке барды» - Алматылық төрт дәрігер соғыс жайлаған Украинаға барып, жүздеген адамды қабылдап қайтты. Олар еріктілерден ақша жинап, сексен келіге жуық дәрі-дәрмек те жеткізген.

«Финляндия мен Швеция НАТО-ға кірсе не болады?» - Қазір Финляндия мен Швеция "НАТО құрамына енсе не болады?" деген сауалдан гөрі, екі елдің әскери одаққа қашан қосылатыны күн тәртібінде тұр. Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін Скандинавия елдері тездетіп альянсқа мүше болғысы келеді. Қазір НАТО құрамында 30 мемлекет бар. Алдағы бірнеше аптада Хельсинки үшін де, Стокгольм үшін де маңызды оқиғалар болмақ. Азаттық осы мәселе жайлы ең маңызды сұрақтарға жауап іздеп көрді.

«Қытай НАТО-ға неге көз алартып отыр?» - Украинадағы соғыс басталғанда Мәскеуді қолдайтынын ашық білдірмеген Пекин енді шиеленістің негізгі себепшісі НАТО екенін айтып, Батыстың әскери альянсын жиі сынай бастады. Сарапшылар Қытай әскери одақтың шығысқа қарай бет бұра бастағанынан қауіптеніп, НАТО мен АҚШ-тың Азияға ықпалына тосқауыл қойғысы келетінін айтады.

ADYRNA.KZ. «Қазақстан “Евровидение-2022”-ні көрсетуден неліктен бас тартты?» -«Евровидениенің» Қазақстанда рейтингі төмен, бұл елдің қатысушыларын байқауға жібермейтіндігімен байланысты. Телеарна хабар тарату үшін қымбат гонорарды атап өтеді. Сондай-ақ, байқаудың тікелей эфир уақыты Қазақстанмен сәйкес келмегендіктен, ішкі аудиторияны тартпайды.

«“Өзімізді жарылқап алайық”: Зайсан тұрғындары Қытайға газ сатуды тоқтатуды талап етті» - Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында газ мәселесі талқыға түсті. Халық биліктен газды Қытайға сатуды тоқтату керек деген талап қойған. Өйткені, бұған дейін тоқтатылған экспорт қайта жұмысын бастапты.

«“Қытайдың құлы”: Серікжан Біләш Димашты сынға алды» - Белсенді Серікжан Біләш әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеновті «Қытайдың құлы» деп жазғырды.  Бұл туралы ол YouTube арнасындағы бейнежазбаларының бірінде айтты, деп хабарлайды порталы.

«Павлодарда сот орындаушылар кепілдікке қойылған 40 үйді бір ғана адамға сатқан» - Павлодарда жеке сот орындаушылар нарықтағы бағадан 5 есе арзанға саудалаған. Баспанасынан айырылып қалғандар бұған күдікпен қарайды. Мұның артында ұйымдасқан қылмыстық топ тұр дейді. Үйінің аукционға қойылғанын тіпті үй иесі де білмей қалған жағдайлар кездескен.

«Өзбекстанда жұмысшылар жылына бір рет жеңілдікпен саяхаттайтын болды» - Биыл 1 маусымнан бастап Өзбекстанда жұмыс берушілер "Ўзбекистон бўйлаб саёҳат қил!" ("Өзбекстанға саяхатта!") бағдарламасы аясында жылына бір рет жұмысшыларына ел ішінде саяхат жасауға мүмкіндік бермек.

EGEMEN.KZ. «Мемлекеттік сатып алуда бағаны негізсіз көтергендер жазаланады» - «Сыбайлас жемқорлықтың тағы бір маңызды факторы – мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде бағаның негізсіз қымбат болуы. Бұл ақша алдын ала пара үшін де, жақсы пайда табу үшін де есептеліп жазылады.

«Қазақстандық туристер ғарышқа ұшуы мүмкін» - Қазақстанда ғарышқа ұшу модельдерін зерттеу және ғылыми сынақтар жүргізетін эксперименттік құрлық кешені құрылады. «Орталық Азиядағы алғашқы ғарыштық зерттеу модулі көптеген энтузиаст жандардың арманын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ғарышқа ұшу бақыты бүкіл әлем бойынша тек санаулы адамға ғана бұйыруы мүмкін. 

13 мамыр 2022, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.