Атырау, 16 сәуір 21:04
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

"Қайраттарға» қауіп төнді...". "Қорғаныс министрі: "Өкпелесең - көшіп кет". "Ресей Қазақстанға құпия құжаттар берді". Әйелдерді көп дейді»: Елімізде әйелдер саны азайып барады".

9 117 просмотра

ADYRNA.KZ. «Қазақты қорғайтын министрдің қазақшасы: "Өкпелесең - көшіп кет"» - Қорғаныс министрі  Руслан Жақсылықовтың сөздері бүгінде қоғамда қызу талқыға түсуде. Бірнеше күн бұрын министр журналистердің сұрағына жауап беру барысында "Неге қазақ тілінде сұхбат бермейсіз?", – деген сұраққа: "Вы знаете, вот посмотрите: наш Первый Президент–Елбасы говорил так: "Когда собираются 100 казахов и среди них один не казахоязычный, тогда мы переходим на русский язык для того, чтобы не оскорбить чьи-то чувства. Поэтому когда мы с вами будем один на один разговаривать, то қазақша сөйлейміз. Жарай ма?", – деген еді. 

«"Путиннің қастандығынан еш қорықпаймын, соғысты бастаған адам тоқтатсын!" – Зеленский» - Украина басшысы Владимир Зеленский ресейлік диктатор Владимир Путинмен жеке кездесу барысында егер оған қастандық жасалса, одан еш қорықпайтынын мәлімдеді.

«Украинадағы соғыста 36 қазақ сарбаз қайтыс болған» - Ресей қазақтарының чаттарында Ресейдің Қарулы Күштерінде қызмет етіп, Украинадағы соғыста қаза тапқан қазақ сарбаздарының видеосы тарады. Басылымның мәліметінше, олар Қазақстанмен шекаралас Ресей өңірлерінде туып өскен және РФ ҚК-де қызмет еткен РФ азаматтары.

NEGE.KZ. «Бұл – суицид». Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің ісін қайта қараудан бас тартты» - Қайрат Нұрқаділов: Маған ресми түрде «істі қайта қарамаймыз» деген жауап келді. «Суицид жасаған, басқа деуге негіз жоқ» дейді. Мен Сіздерге маған жіберген жауабын беремін.

«Ресей Қазақстанға құпия құжаттар берді» - Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи музейіне Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан қазақстандық жауынгерлер туралы мұрағат құжаттарын тапсырылды.  Атап айтқанда, бұған дейін Ресей мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарих мұрағатының құпия құжаттары – Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына қатысты деректер немере інісі Бекет Момынқұлға табысталды. Соның ішінде бірнеше маңызды құжат бар.

«Қайраттарға» қауіп төнді...» - Қаңтардағы бүліктен кейін бірінен соң бірі үш Қайрат ұсталды: Қайрат Сатыбалды, Қайрат Боранбаев, Қайрат Құдайберген. Тағы бір Қайрат бүгін қызметінен кетті...

«Президент тілін алмайтын «Самұрық-Қазына». Әл-ауқат қоры мемлекетті неге қайтадан қиын жағдайда қалдырып отыр?» - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы үкіміне қарамастан, «Самұрық-Қазына» қоры жоспарланып отырған таза кіріс – 1,6 триллион теңгенің небәрі 170 миллиард теңгесін дивиденд ретінде мемлекетке төлемек.

«Тұтқаны көтерген едім...». Мұғалім банктерге қалай 6,5 миллион теңге қарыз болды?» - Кеше түсте Алматы іргесіндегі Боралдай кентінің тұрғыны Қасымова Бибінұрдың телефоны безектеп қоя берді. Бұл қоңырауға жауап беру екі бірдей банкке 6,5 миллион теңгеге қарызға батырып, тақырға отырғызады деген ой оның басына мүлде кіріп те шықпаған еді. Сондықтан нөмірге де қарамай, тұтқаны көтере салған.  

«Қорғаныс министрі: Өкпелесең көшіп кет» - Видео

CARAVAN.KZ. «Саясаттанушы: "Қазақстанда әскери парадтың өтпеуі бұл Ресейге берілген сигнал"» - Аталған сұраққа саясаттанушы Асхат Қасенғали Нартай Аралбайұлының сұхбатында жауап берді.

MALIM.KZ. «Кертаев күдікке ілінді»: «Хабар» агенттігінің жағдайы «хабардағыдай» емес» - Чиновник телеграмм арнасының  хабарлауынша, «Хабар» Агенттігі» АҚ-не қатысты Есеп комитеті тексеру жүргізуіне байланысты іс қозғалып жатыр. Бұл жайт мемлекеттік аудиторлар және қаржылық құқық қорғау органдарының назарын аударған. Деректерге сәйкес, бюджет қаражатын жымқыру 500 миллион теңгеге жетіп, 1,5 миллиард теңге қаржыға байланысты заң бұзушылық фактілері анықталған.

«Әйелдерді көп дейді»: Елімізде әйелдер саны азайып барады» - «Әйелдерді көп дейді, бола берсін көп мейлі» деген шумақтар жігіттердің көңіліне шуақ сыйлап жүргелі қашан. «Қазақстанда бір жігітке төрт әйелден келеді» дегенге сеніп, арқаны кеңге салып отау құруға онша асықпай жүрген жігіттер де жоқ емес. Әрине, әлеуметік жағдай бірінше орында, әйткенмен бойдақ жігіттерге мұндай конспирологияның әсері жоқ деуге де болмас. Көп әйел алуды көксейтін көкелеріміздің де арадікдік осы бір аргументті алға тартып жататын естіп қалатынымыз бар.

«Дос Көшім: Ол Назарбаевтың сөзін әлі заң сияқты қабылдайды» - Кеше әлеуметтік желіде ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов туралы видео тарады. 13 секундтық видеода Жақсылықов қазақ тіліне қатысты ойын айтып тұр. Материалға қарағанда, журналистер министрден қазақ тіліне қатысты пікірін сұраған болу керек.

ZAKON.KZ. «Оразаның қандай пайдасы бар – дәрігерлер жауап берді» - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының гастроэнтеролог дәрігері Зухра Ағзамова оразаның адам ағзасына оң әсері барын айтты. Дәлірек айтқанда ораза ұстау адамның ас қорыту жүйесі, ұйқы безі және бауыр жұмысына пайдалы.

25 сәуір 2022, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.