Атырау, 17 сәуір 04:48
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

​"Кремль Воронцова мен Тихонова Путиннің қыздары екенін алғаш рет мойындады"; "Жемқорлық елесі: Алматыда Астрофизика институтының ғимараты тиынға сатылып жатыр​"; "Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті".

9 584 просмотра

365INFO.KZ. «Жемқорлық елесі: Алматыда Астрофизика институтының ғимараты тиынға сатылып жатыр»  - Нарықтағы құны 1 млн доллар болғанымен, Астрофизика институты корпустарының бірі 4 миллионға бағаланған. Күмәнді келісім әзірленіп жатқаны туралы Виктор Тейфель ФБ-дағы парақшасында жазды. Оны жұрт қазақстандық астрономия аңызы деп атап кеткен. Виктор Тейфель осымен 65 жылдан бері ғаламшарларды және күн жүйесіндегі өзге де денелерді зерттеп келеді, 1970 жылдан бері Фесенков атындағы Астрофизика институтындағы Ай және ғаламшарлар физикасы зертханасын басқарып келеді.

«Банктер шағын бизнеске қарыз бермей отыр. Неге? — сарапшы» - Шағын бизнесті несиелеуге сұраныс төрт жылда алты еседен көп деңгейде артты, бірақ қарызды мақұлдау мен өтінімдердің орташа көрсеткіші азайып кетті. Мұндай статистиканы ranking.kz жариялады.

«Салық кодексі: сарапшы сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын тетіктерді тапты» - Қазақстандық салық консультанттары қауымдастығының басқарма төрағасы Сәкен Қарин Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды сынға алды. Сәкен Қарин электрондық үкімет сайтында талқылау үшін жарияланған заң жобасының кейбір нормалары іс жүзінде қазынагерлерге мәмілелерді жарамсыз деп тануға мүмкіндік ашатын соттардың функцияларын береді деп мәлімдеді.

AZATTYQ.ORG. «Кремль Воронцова мен Тихонова Путиннің қыздары екенін алғаш рет мойындады» - Кремль жуырда АҚШ санкция салған Катерина Тихонова мен Мария Воронцова Владимир Путиннің қыздары екенін ресми түрде алғаш рет мойындады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге берген сұхбатында Кремль Путиннің қыздарына салынған санкцияға міндетті түрде жауап береді деп мәлімдеді.

«Сауалнамалар Ресей халқы Путин мен Украинадағы соғысты қолдайды дейді. Бұл рас па?» - Ресейдегі мемлекеттік және тәуелсіз әлеуметтанушылар жүргізген сауалнамалар қорытындысы Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін президент Владимир Путин мен оның үкіметін қолдаушылар көбейгенін аңғартты. Бірақ бұл қолдау зерттеу көрсеткендей болмауы мүмкін.

«Украиндарды паналатқан Австрия қазағын олардың жігері тәнті етті» - Австрияда тұратын Ләззат Әбдуәлиқызының үйінде Украинадан босқан үш отбасы тұрып жатыр. Оның бәрі – әйелдер мен балалар. Ерлері соғыс аумағында қалған. Ләззат Азаттыққа босқындарды қалай тапқанын, тілі бөтен кісілермен қалай түсінісіп жатқанын баяндап берді.

«"Жүректері тас па?" Қаңтарда оққа ұшқан 22 жастағы жігітті полиция қазып алды» - Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде екі жерінен оқ тиіп қаза тапқан жігітті полиция ақыры қазып алды. 22 жастағы марқұм Аңсар Исламның ата-анасы эксгумацияға қарсылық білдіріп, Жоғарғы сотқа дейін жүгінген. Қабір басына келген полиция Азаттық тілшісін зират аумағынан күштеп шығарып жіберді.

MALIM.KZ. «Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті» - Бердібек Сапарбаев - Назарбаев дәуірінде қалыптасқан, әкім болудан рекорд жасаған шенеунік. Қазір зейнет жасында. Бүгін Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылды. Бірақ, ол құрған отбасылық династия рекордсмен әкімнің орнын жоқтатпайтын сияқты...

«"Дикий" Арманның досы Бақтияр Артаев қайда жүр?!» - «Бауырының» ісі кесірін тигізді ме, қазір спортшы ел көзінен таса. Олимпиада чемпионы шет елде жүр деген сыбыс бар.

8 сәуір 2022, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.