Атырау, 20 сәуір 04:52
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек - Тоқаев

1 140 просмотра

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек, деп санайды президент. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды.
Президент олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайды.

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек. Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған. Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам", - деп жазды Уәли Фэйсбукте.

15 қаңтар 2022, 00:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған