Атырау, 29 наурыз 16:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​БҰҰ Бас хатшысы коронавирустан кейінгі пандемияға дайындалуға шақырды

1 650 просмотра

COVID-19 пандемиясы адамзат үшін соңғы емес, келесісіне дайындалу керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш мәлімдеді.  

Жыл сайын 27 желтоқсанда әлемде Эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күні аталып өтеді. Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы 2020 жылдың қарашасында жариялады.

"COVID-19 адамзат тап келген соңғы індет болмайды. Денсаулық сақтау саласындағы бұл дағдарыспен күресу барысында біз келесісіне дайындалуымыз керек. Эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күнінде осы мәселеге назар аударайық және ол қажет ететін инвестицияны атап өтейік", - деп жазды Гутерреш өзінің Twitter парақшасында.

Пандемия – бұл бүкіл әлемге, бірнеше көрші ел мен құрылыққа таралатын кең ауқымды індет.   

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын пандемия деп жариялады.

Джонс Хопкинс университетінің (АҚШ) мәліметінше 2021 жылдың 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша әлемде COVID-19 инфекциясын 279 миллионнан астам адам жұқтырып, 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Әсіресе АҚШ, Үндістан, Бразилия Ұлыбритания және Ресей тұрғындары індеттен көп зардап шекті.  

COVID-19-ға қарсы вакциналарды әзірлеу саласында күш-жігерді үйлестіру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық клиникалық сынақтарды тіркеу платформасын құрды. Қазіргі уақытта әлемде 168 вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған немесе әлі сараптамадан өтіп жатқан вакциналар тізіміне АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ресей және Кубаның 24 препараты кірді. 2021 жылдың 17 желтоқсанындағы жағдай бойынша ДДСҰ төтенше жағдайда қолдануға арналған тоғыз COVID-19 вакцинасын тіркеді. 

Дереккөз: Sputnik.kz

27 желтоқсан 2021, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.