Атырау, 19 сәуір 08:39
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырау облысында бір тәулікте 24 адам Covid-19 жұқтырған

1 483 просмотра

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 24 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 16 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 науқас анықталды, ал Исатай мен Жылыой аудандарда - 2,  Құрманғазы ауданында  - 4 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 16 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 8 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 27 адам емделді.

Қазір 154 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 97, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда - 16. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 39 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

11 қараша 2021, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.