Атырау, 25 сәуір 18:34
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Спорт жаңалықтары

1 620 просмотра
Көрнекі сурет

Қазанда Татарстан басшысының кубогы үшін самбодан «А» сериясындағы халықаралық турнир өтті. Оған әлемнің 16 елінен 200-ден астам спортшы қатысты.

Атырау облысының командасы бір алтын және үш күміс алқа жеңіп алды. 58 келіге дейінгі Айдынбай Қайырберді жеңімпаз атанды, күміс алқаны Жұмабай Парасат (64 келіге дейін), Еркебұлан Қуанғалиев (58 келіге дейін) және Айбек Әбділов (64 келіге дейін) иеленді.

* * * * *

Алматыда грэпплингтен дәстүрлі «Kuz Open» турнирі өтті.

Ардагерлер арасында 76 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Мейрамбек Дәулетьяров 5 жекпе-жек өткізіп, финалға дейін жетіп, жеңіліс тапты. Нәтижесінде күміс алқа алды.

* * * * *

Қызылордада дзюдодан жастар арасында Б.Сүлейменовті еске алуға арналған ХХ Халықаралық ашық турнир өтті.

Атыраулық спортшылар 1 алтын және 2 қола алқа жеңіп алды. Турнир жеңімпазы Әсемгүл Куюлова (63 келіге дейін), қола алқаны Құралбек Саталиев (66 келіге дейін) пен Аяна Дүйсенбай жеңіп алды.

* * * * *

Өзбекстанның Нөкіс қаласында ММА бойынша Орталық Азия чемпионаты өтті.

Бас бапкер Бауыржан Берғали бастаған Атырау облысының құрама командасы мұнда алтын мен күміс алқалар жеңіп алды. 70 келіге дейінгі салмақта Неймат Асадов чемпион атанды, 65,8 келіге дейін Олжас Молдағалиев күміс алқа алды.

* * * * * 

Алматыда пенчак силаттан ел чемпионаты мен Кубогы өтті. Оған индонезиялық жекпе-жек өнерін сүйетін 300-ге жуық спортшы қатысты. Атыраулық команда өте сәтті өнер көрсетіп, 7 алтын және 3 қола алқа иеленді.

Нұрдәулет Тасмағанбетов, Орынбай Темірлан, Керей Рамазан, Ағидолла Еділ, Аяулым Оңайбай, Аделя Алтынбекова мен Әсел Көшәлі Қазақстан чемпиондары, Нығмет Ерназар, Нұрлан Нұрасыл мен Әділбек Нұрхан қола жүлдегерлер атанды. Бұдан басқа, Аманжан Амангелдіұлы ел кубогын жеңіп алды, ал Алмат Әубекеров пен Нұрхан Әділхан кубокта қола алқа алды.

13 қазан 2021, 18:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.