Атырау, 20 сәуір 04:45
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Денсаулық сақтау министрлігі қайта вакциналау алгоритмін әзірледі

1 284 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп азаматтарды коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналау тәсілдерін әзірледі. Бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның отырысына енгізілді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ревакциналау 2021 жылдың қарашасының үшінші онкүндігінде басталады деп жоспарланып отыр.

Министр ревакциналау кезінде кімге қандай вакцинаны егуге болатынын түсіндірді:

  • векторлық (Спутник) вакцинаны салдырғандар тоғыз айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қосымша салдыра алады;
  • инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналарын салдырғандарға алты айдан кейін векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қайта алуға болады;
  • м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын алғандар алты айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинасын қайта салдыра алады;
  • вакциналау курсы аяқталғаннан кейін коронавируспен ауырғандар жазылғаннан кейін үш айдан соң қайта вакциналаудан өтеді.

Ревакциналаудан:

  • тәуекел топтары (медицина қызметкерлері, педагогтар, жергілікті өзін-өзі басқару және жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері);
  • 60 жастан асқан адамдар;
  • зерттеуден өз бетінше өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге тест нәтижесі теріс болған адамдар өтуі қажет.
13 қазан 2021, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.