Атырау, 24 сәуір 12:19
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"6 айға дейін созу керек": Қазақстанда ажырасқалы жатқандарды татуластыру мерзімін ұзарту ұсынылды

1 199 просмотра

Мәжіліс отырысында депутат Дархан Мыңбай ерлі-зайыптылардың ажырасу процесін 6 айға дейін ұзарту керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутат қоғамдағы отбасы институтының әлсіреуіне алаңдаушылық білдіріп, премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады. 

Оның айтуынша, соңғы жылдары некелескендер саны азайып, ажырасқандар саны күрт артқан. 

"Ықылым заманнан ұрпақ өрбітіп, көбеюді өсиет еткен салт-дәстүрімізді ұстануға не кедергі? Бәрін әлеуметтік жағдайға сілтей салу қисынды ма? Біздіңше, өте маңызды проблеманың төркіні – жастардың тәрбиесінде, қалыптасқан қоғамдық ортасында сияқты", – деді ол. 

Оның мәліметінше, отбасы жайлы ұлттық баяндама мен ресми статистика бойынша, 2015-2019 жылдар аралығында 274,5 мың отбасы ажырасқан.

“Яғни жалпы тіркелген некелермен салыстырғанда, ажырасу саны 35%-дан 43%-ға дейін көтерілген. Демек, соңғы бес жылда орта есеппен күніне 389 неке тіркелсе, 150 отбасы ажырасқан", – дейді депутат. 

Сондай-ақ 2019 жылы 120 мыңға жуық адам некесін бұзса, оның әрбір екіншісі, яғни 60 мыңнан астамы 18 бен 35 жасқа дейінгі жастар. Одан кейінгі басым бөлігі 30 пен 34 жас (23,3%) аралығындағылар. 

13 қазан 2021, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.