Атырау, 28 наурыз 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Пермьдегі атысты ұйымдастырған жасөспірім есін жиды

2 381 просмотра

Пермьдегі атысқа кінәлі деп күдіктелген Тимур Бекмансуровтың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, ол есін жинаған. Алайда есінде ештеңе қалмаған. 

“Оның жағдайы жақсарды. Есінде ештеңе жоқ", – делінген хабарламада.

Бірнеше күн бұрын Бекмансұровтың аяғы ампутацияланған, дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады.

Еске салсақ, Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам көз жұмып (бұған дейін 8 адамның қаза болғаны айтылған еді), тағы 24-і жарақат алды. 

Ресми органдар қылмыскердің өлімін растамаған. Десек те, кейбір деректерге сәйкес, ол полиция оғынан қаза болған. 

24 қыркүйек 2021, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.