Атырау, 29 наурыз 11:40
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Коронавирус пандемиясы: Цой жағымды жаңалығын бөлісті

1 735 просмотра

Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық өсімі 35 процентке төмендеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35%-ке төмендеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14%-ке, аптасына 31 мыңнан 25 мың адамға дейін азайған.

"ДДСҰ бағалауынша, республикада репродуктивті сан соңғы төрт апта бойы төмен, бұл пандемия бақылауда екенін көрсетеді және ауру жұқтыру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында да оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Министрдің мәліметінше, соңғы екі аптада 5 өңір "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысқан: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана тұр. Қалған 11 өңір "қызыл" аймақта.

Цой эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды азайту жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді. Төсек-орын қоры барлығы 12 211 төсекке қысқарған.

14 қыркүйек 2021, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.