Атырау, 25 сәуір 03:35
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облысында бір тәулікте 307 адам Covid-19 жұқтырған

1 820 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 307 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 155 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 55 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 25 жағдай, Индер ауданында - 2 науқас анықталған, Исатай ауданында - 32, Қызылқоға ауданында - 12, Құрманғазы ауданында - 9, Мақат ауданында - 5, Махамбет ауданында - 13 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 154 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 153 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 137 адам емделді.

Қазір 8 635 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 179, екінші облыстық ауруханада – 180 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 62, кардиоорталықта - 98, т/ж ауруханасында - 85 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 142, жатақханада - 85, аудандық инфекциялық стационарларда - 339. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 398 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

25 тамыз 2021, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.