Атырау, 28 наурыз 18:58
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Тәуліктік антирекорд: Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 627 адам анықталды

1 836 просмотра

Атырау қаласы, Теңіз кен орны және Жылыой ауданы инфекцияның негізгі ошақтары , деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 620 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 430 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 75 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 46, Индер ауданында - 12, Исатай ауданында - 14, Қызылқоға ауданында - 15, Құрманғазы ауданында - 15, Мақат ауданында - 10, Махамбет ауданында-10 адам анықталды. 
Коронавирустық инфекциясы бар 420 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 207 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 284 адам емделді.

Қазір  ем алуда: 

  • үй жағдайында 6 070 адам, 
  • модульдік ауруханада - 174, 
  • екінші облыстық ауруханада-183 науқас, - фтизиопульманологиялық орталықта - 103, 
  • кардиоорталықта - 106, 
  • т/ж ауруханасында-101 пациент,
  • аудандық инфекциялық стационарларда-399, 
  • облыстық ауруханада-137 науқас, 
  • жатақханаларда - 129, 
  • Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-428 адам.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қою қызыл" аймақта орналасқан.

10 тамыз 2021, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.