Атырау, 23 сәуір 19:47
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырау облысында бір тәулікте 406 адам Covid-19 жұқтырған

1 078 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында байқалып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 406 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 256 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 64 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 34 науқас, Индер ауданында - 11, Исатайда- 10, Қызылқоға ауданында - 11, Құрманғазы ауданында - 10, Мақат ауданында - 3, Махамбет ауданында - 7 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 294 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 112 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 246 адам емделді.

Қазір 4984 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 201, екінші облыстық ауруханада – 199 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 86, кардиоорталықта - 102, т/ж ауруханасында - 111 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда - 412, облыстық ауруханада - 45, жатақханада - 88, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 344 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

3 тамыз 2021, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.