Атырау, 16 сәуір 18:54
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Атырауда демалыс күндері толық локдаун енгізіледі

1 807 просмотра

Атырауда демалыс күндері сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар, жазғы кафелер, мейрамханалар, сұлулық салондары және басқа да нысандардың жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған.

«Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан тыйым салынсын:

  • букмекерлік кеңселердің қызметіне;
  • көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізуге;

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметі уақыты және жұмыс режимі бойынша тоқтатылсын және шектелсін:

1. Сауда үйлері мен СОО (павильондар, бутиктер), сауда желілері – «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 22.00-ге дейін (толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 30%-ынан аспайды) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

2. «Ashyq» жобасына қатысатын азық-түлік сататын жабық базарлардың және азық-түліктік емес жабық және азық-түліктік емес ашық базарлардың  жұмыс кестесі - күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.

азық-түлік сататын ашық базарлардың жұмыс кестесі - күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.

3. «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға, соның ішінде жазғы алаңқайларға, асханаларға -  тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (тамақты жеткізу және алып шығу бойынша жұмысқа 24.00-ге дейін рұқсат етіледі).

4. «Ashyq» жобасына қатысатын косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар, «барбер шоптар», объектілерге жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (объектінің толтырылуын 50%-дан асырмау кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынады.

5. «Ashyq» жобасына қатысатын спорт кешендері, фитнес орталықтары, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, спорттық және тренажер залдарына тек жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (толтырылуын 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 50%-ынан асырмау кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

6. «Ashyq» жобасына қатысатын сауналар, СПА орталықтары, бассейндер, моншаларға жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (толтырылуын 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 50%-ынан асырмау кезінде), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

7. «Ashyq» жобасына қатысатын мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, кинотеатрлардың қызметіне жұмыс күндері 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (объектінің толтырылуын 30%-дан асырмау кезінде), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

8. «Ashyq» жобасына қатысатын компьютерлік клубтардың, караоке, бильярд, боулингтерге жұмыс күндері 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (объектінің толтырылуын 30%-дан асырмау кезінде), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

9. «Ashyq» жобасына қатысатын лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындарға жұмыс күндері 12.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

10. «Ashyq» жобасына қатысатын ашық және жабық балалар ойын - сауық орталықтарына жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 22.00-ге дейін (толтырылуы 30 адамнан аспайтын), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;

11. «Ashyq» жобасына қатысатын жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға арналған ашық алаңдардағы жәрмеңкелерге сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

30 шілде 2021, 23:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.