Атырау, 25 сәуір 17:44
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облысында бір тәулікте 424 адам Covid-19 жұқтырған

1 983 просмотра

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 424 науқас анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 257 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 24 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 67 науқас, Индер ауданында - 10, Исатайда- 16, Қызылқоға ауданында - 14, Құрманғазы ауданында - 14, Мақат ауданында - 10, Махамбет ауданында - 12адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 288 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 136 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 245 адам емделді.

Қазір 4045 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 198, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 79, кардиоорталықта - 108, т/ж ауруханасында - 99 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда - 371. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 267 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

29 шілде 2021, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.