Атырау, 29 қыркүйек 00:03
 ашықВ Атырау +11
$ 423.95
€ 495.81
₽ 5.84

Атырауда Subaru және Haval дилерлік орталығы ашылды

PR Сурет
1 851 просмотра

Атырау облысында Subaru және Haval дилерлік орталығы ашылды. Бұл «Астана Моторс» Қазақ мотор компаниясының өңірдегі екінші ресми дилерлік орталығы.

Бұған дейінгі «Subaru, Haval, Hyundai» орталығы Атырау қаласының «Еуропа» бөлігінде орналасып, тұрғындарға қызметтің барлық түрін керсеткен еді. Жаңа мультибрендтік автосалон-шоурум шаһардың «Азия» бөлігінде орналасып, алысты жақындата түсті.

Жапонның Subaru бренді облыс халқына жақсы таныс. Subaru және Haval дилерлік орталығында аталмыш брендтің үш моделі ұсынылады - Subaru XV, Forester және жаңа Outback – бұл бестселлер. Автосүйер қауым бұрынғыдан да қауіпсіз һәм жол талғамайтын қозғалыстың жаңа жүйелеріне қол жеткізеді.

Мұнда Subaru-мен бірге Haval автомобильдері де ұсынылған. Аспан асты елінің Haval бренді «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіреді және 2021 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан нарығына ресми сатылымға шықты. Осы уақыт ішінде еліміздегі дилерлік орталықтар Haval автокөлігін сатуда рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Бүгінде 400 астам қазақстандық дәл осы брендтің ресми сатылған темір тұлпарымен жүр. Айта кетейік, Haval дилерлік орталықтары еліміздің Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент сынды 14 қаласында бар.

Атырау қаласындағы Subaru және Haval дилерлік орталығының директоры Андрей Любинның айтуынша бұл брендте сапа мен баға үйлесім тапқан. «Қазақстандықтардың арасында қол жетімді бағаға жоғары сапалы жабдықтармен жабдықталған, әсіресе қауіпсіздік мәселесі ерекше ескерілген автокөліктер танымал. Атырау облысы тұрғындарының көлік таңдауда мүмкіндігі артты, сонымен қатар Haval брендінің артықшылықтарын өздері бағалай алады, біз бұған қуаныштымыз. Бірінші сатып алушыларымызды сәтті саудасымен құттықтаймыз!» деді ол. 

Бүгінде дархан даламыздың төсінде интеллектуалды ортакөлемдегі Haval F7 кроссовері, динамикалық Haval F7x кросс-купесі және жақтаулы Haval H9 жол талғамайтын көлігі жүйіткітіп жүр. Үш мәшине де Ресейдің Туль облысындағы зауыттан шығарылады. Өндіріс орнының өздеріне тиесілі зерттеу орталығы мен сапа бөлімі бар.

Subaru және Haval дилерлік орталығына жаңаша стильдегі һәм нағыз шаһар тұрғындарына арналған Haval Jolion сатылымға шығарылады. Сондай-ақ Қазақстандағы Haval дистрибьюторлары таяуда отандық нарыққа Wingle 7 және Poer-ды ұсынбақ.  Жайсыз жерде де жайлылық сыйлайтын бұл кроссоверлер 1,5 және 2 литрлік турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыштарды неміс инженерлері жасаған. Агрегаттың сенімділігін  қос дымқыл ілінісі бар  роботты беріліс қорабы арттыра түседі.  Теңдесі жоқ бірегей электр турбинасы көлікке күш пен айналу сәтінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Автокөліктер 3 жылдық немесе 150 000 км кепілдікпен беріледі, ал DCT-7 беріліс қорабында 5 жыл немесе 200 000 км бөлек кепілдік бар.

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жақын арада ашылатын қызмет көрсету станциясында жүзеге асырылады, аталмыш мекен өте ыңғайлы жерде - әуежайға барар жолда орналасады.

Аймақта жақын арада Hyundai-дың жаңа дилерлік орталығы келушілерін қарсы алады. Сонымен қатар, «Астана Моторс» компаниясы алғашқы BMW дилерлік орталығының ашылатындығы туралы да хабарлайды. Екі автосалон да қаланың «Еуропа» бөлігінде орналасады.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Моторс» клиенттері Trade in бағдарламасы бойынша жаңа автомобильдер алып, сондай-ақ тест-драйв кезінде көліктің мүмкіндіктерін тексеріп көре алады.

Компанияның дилерлік орталықтары «Еуразиялық банкпен» және «Сбербанкпен» ынтымақтастықта жұмыс істейді. Сондай-ақ төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі сияқты несиелік өнімдердің кең спектрін ұсынатын өзінің жеке MyCar несиелік ұйымы арқылы қызмет көрсетеді.

Қосымша ақпаратты Астана Моторс тәулік бойғы байланыс орталығында 7007 нөміріне қоңырау шалу арқылы анықтауға болады.

22 шілде, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.