Атырау, 29 қыркүйек 00:10
 ашықВ Атырау +11
$ 423.91
€ 495.00
₽ 5.83

Қазақстанда 20 адамнан асатын ұжымды міндетті түрде вакциналау енгізіледі

2 557 просмотра

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдыру және ПТР-тест тапсыру міндеті қандай ұжымдарда енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ведомствоаралық комиссия қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті вакцина салдыру, ал екпеден бас тартқан жағдайда міндетті ПТР-тестілеуді енгізуді ұсынды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, ұйымдасқан ұжымға 20 адамнан астам қызметкері бар ұжым жатады.

"Ұйымдасқан ұжым дегеніміз - 20 адамнан артық қызметкері бар ұжым, яғни дәл осы ұжымдарды міндетті вакциналау, ал екпеден бас тартқан жағдайда ПТР-тест тапсыру талабы қойылады", - деді Есмағамбетова.

Осы орайда комитет басшысы ведомствоаралық комиссияның ұсыныстары бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысынан кейін заңды күшіне енетінін жеткізді.

Айта кетейік, коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантинді күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды. Олар:

  • COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу;
  • КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу;
  • "Ashyq" жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу;
  • "Ashyq" жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түлік емес базарларды қосу.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің тиісті қаулысы шыққаннан кейін осы талаптар заңды күшіне енеді.

23 маусым, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.