Атырау, 18 сәуір 15:42
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Агроном» жазаланды

Бейнежазба
3 860 просмотра

Атырауда үйде құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру зертханасын ұйымдастырғаны үшін үкім шығарылды.

Полиция қызметкерлері қаладағы құрылыс фирмаларының бірінің бұрын сотталған 50 жастағы қызметкерін ұстады. Жатын бөлмесіне ол шағын жылыжай жабдықтаған: шатыр, жылытатын шам, ауа сорғыш орнатып, қарасора өсіре бастаған. Тінту кезінде осы өсімдік өскен бірнеше құмыра табылды. «Агроном» өсімдікті сату үшін емес, тек өзі үшін өсіріп жатқанын мәлімдеді.

Атырау қаласының №2 соты «АЖ»-ға хабарлағандай, оның 30 мың теңгеге интернет арқылы қарасора тұқымына тапсырыс беріп, сатып алғаны анықталды. Кейін ол сөзінен танбай, процессуалдық келісім жасасып, іс келісімге келу тәртібімен қаралды.

Нәтижесінде сотталушы Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-тармағы («Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру») бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Үкім заңды күшіне енді.

Лев ГУЗИКОВ

11 маусым 2021, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.