Атырау, 20 сәуір 07:31
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ақтөбеде жоғары шенді полицей ұсталды

3 091 просмотра

Ақтөбеде полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы ұсталды. Полковник Евгений Годлевский ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, жоғары шенді полиция қызметкерінің ұсталуы көбіне тосын жағдай болған, себебі Годлевскийдің құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар. Күзде ол зейнетке шығады.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері қамауға алу туралы деректі растады, бірақ басқа ақпарат бермеді. Департамент басшысы әлеуметтік желілерде тергеу басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде бірқатар заңбұзушылық анықталғанын ғана жазды. 

10 маусым 2021, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.