Атырау, 19 сәуір 04:20
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жауын-шашын жол жиегін шайып кетті

Сурет Бейнежазба
5 205 просмотра

Әлеуметтік желіде Тұщықұдық пен Ерғалиев ауылдарының маңындағы Атырау-Құрманғазы айналма жолын жаңбыр суы шайып жатқаны туралы бейнежазба тарады (соңғы тәуліктерде облыста жауын-шашын көп болды).

Біз «Қазавтожол» ҰК» АҚ Атырау филиалына комментарий алуға жүгіндік, олар сол жерде су сору жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

- Жол жабылған жоқ, көліктердің жүруіне еш кедергі болмады. Барлық шара алынуда. Жол-көлік оқиғасы да болған жоқ, - деді директордың орынбасары Ербол ПІРІМБЕТОВ.

Бұдан басқа, мессенджерлерде Құрманғазы ауданы орталығында жауын-шашынға байланысты жаңа трассадағы топырақтың шайылып, жол жиегінің опырылғаны туралы суреттер тарады. «Қазавтожол» еңісте шұңқырлар пайда болғанын, бірақ олар қалпына келтірілгенін айтты. Бұл Ресей-Қазақстан шекарасынан 60 шақырымға созылатын бөлігі, оны қалпына келтіру жұмыстары аяқталған.

Еске салсақ, осы 60 шақырымды қалпына келтіруге республикалық бюджеттен қаржы бөлінген (шамамен 23 млрд теңге), мердігер - түріктің Sine Medas Stroy компаниясы. Ал 217 шақырымдық учаске үшін Қазақстан Еуропа қайта құру және даму банкінен 260 миллион долларға жуық қарыз алды. Бұл жердегі мердігерлер - итальяндық Todini компаниясы, түріктің «Ант Иншаат», сол Sine Medas Stroy және «АтырауИнжСтрой» компаниялары.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Әлеуметтік желіден алынған суреттер мен бейнежазба 

9 маусым 2021, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.