Атырау, 24 сәуір 22:16
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Беларусь азаматтарына шетелге шығуға уақытша тыйым салды

3 176 просмотра

Беларусь билігі ел азаматтарының көбіне шетелге шығуға уақытша тыйым салды. Ресми Минск мұның себебін коронавирус пандемиясымен түсіндіреді. Ал оппозиция мұны авторитар Александр Лукашенконың азаматтардың бостандығын шектеуге жасаған кезекті қадамы деп сынады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Беларусьтің шекара комитеті елден ресми сапармен мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік көлік жүргізушілері және басқа елде тұруға рұқсаты бар беларусьтер ғана шыға алатынын мәлімдеді.

Комитет ел азаматтары мен шетелдіктер Беларуське келетін болса, ұшпай тұрып он күн карантинде болуы шарт деген талап қойып отыр.

Беларусь билігі бұл шешімді Ryanair ұшағына байланысты дау ушыққан тұста қабылдады.

23 мамырда Беларусь билігі Грекиядан Литваға ұшып бара жатқан Ryanair ұшағын мәжбүрлі түрде Минскіге қондырған. Минск "ұшақта бомба бар" деген, бірақ борттан жарылғыш зат табылмаған.

Есесіне Беларусь ұшақта болған оппозициялық блогер Роман Протасевич пен оның жүретін қызын ұстап, қамауға алған.

3 маусым 2021, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.