Атырау, 29 наурыз 14:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қырғызстанның бұрынғы премьері екі айға қамауға алынды

3 287 просмотра

Бішкектің Бірінші май аудандық соты бұрынғы премьер-министр Өмүрбек Бабановты екі айға, 31 шілдеге дейін қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында отырады, деп хабарлады centralasian.org.

"Сотта қорғаушылары келтірген дәйектерді есепке алмады. Тергеушілердің ғана айтқандарына негіз етіп, шешім шығарды. Өмүрбек Бабанов бұл іс толығымен абсурд екенін айтты", - деді саясаткердің қорғаушысы Амантұр Абдрахманов.

Бабановты 31 мамырда "Құмтөр ісі" бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті қамаған.

Өмүрбек Бабанов 2011-2012 жылдары премьер-министр қызметін атқарды. Ол өзіне қозғалған қылмыстық істі "абсурд" деп атады.

Арнайы қызмет бірқатар шенеуніктерге "Құмтөр ісі" бойынша "Коррупция" бабымен айып таққан.

Бұрынғы депутаттар Исхак Пирматов пен Талантбек Узакбаев та бүгін екі айға қамауға алынды.

31 мамыр кешкісін Жогорку Кеңештің депутаттары Асылбек Жээнбеков пен Төрөбай Зулпукаров екі айға қамауға алынды. Зулпукаров "Заңсыз баю" бойынша айыпталып жатыр.

Тағы бір бұрынғы премьер Игорь Чудинов бұл іс бойынша тергеушілердің сұрақтарына жауап беріп шыққан.

Ташиев 2 маусымда журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатып, Құмтөрге байланысты бірқатар шенеуніктер, депутаттар мен экс-президенттер де жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.

1 маусымда Жогорку Кеңештің депутаттары Рыскелди Момбеков, Дастан Жумабеков, бұрынғы депутат Максат Сабиров да тергеуге шақырылған.

3 маусым 2021, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.