Атырау, 22 маусым 22:25
 ашықВ Атырау +26
$ 427.23
€ 508.19
₽ 5.85

Каспий құбыр консорциумы Атырауға жаңа Жасөспірімдер үйін сыйға тартты

PR Сурет
10 844 просмотра

Бүгін, 17 мамыр күні Атырауда Жасөспірімдер үйінің жаңа ғимараты ашылды. Әлеуметтік нысан бір жылға жуық  уақыт ішінде «Каспий құбыр консорциумы» АҚ-ның 241 млн теңге мөлшерінде демеушілік қаражатына салынды. Сондай-ақ КҚК мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды.

Жаңа Жасөспірімдер үйі - кең және жарық бөлмелері, жаттығу залы, ас үйі мен кір жуатын бөлмесі бар, заманауи тұрмыстық техникамен, компьютерлік залмен жабдықталған екі қабатты заман талабына сай ғимарат.

Бұрын жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалғандар балалар үйінің қабырғасынан ұшқаннан кейін, өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған ескі ғимаратта тұрған болатын.

- Бір жыл бұрын «Шаңырақ» балалар ауылында тұруды аяқтап, бұрынғы ескі әрі тар Жасөспірімдер үйіне көшіп келдім. Бірақ қазір бұл күндер «КҚК-К» АҚ қолдауымен өткен күндердің еншісіне кетті. Енді біздің жайлы және заманауи үйіміз бар, онда қажеттінің бәрі бар, - дейді қоныс тойын тойлаушылардың бірі Ғалым АХМЕТОВ.

Ашылу салтанатында қызыл лентаны КҚК бас директоры Николай ГОРБАНЬ және Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ қиды. Олар Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне сәттілік тіледі.

- Жасөспірімдер үйі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін әлеуметтік бейімдеуге көмек көрсету үшін қажет. Енді біздің тәрбиеленушілеріміздің үлкен әрі жайлы үйі бар. Демеушілерге үлкен алғысымызды білдіреміз, - деді жасөспірімдер үйінің директоры Гүлсара БОТАТАЕВА.

Мұнда 16-23 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар тұрады. Кейіннен олар қоғамда қажетті мінез-құлық тәжірибесін алғаннан кейін мемлекет тарапынан бөлінген жеке пәтерлеріне көшеді.

Айта кететіні, 2020 жылы «КҚК-К» АҚ Атырау облысында қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға 3 миллион доллар жұмсады. Соңғы бес жылдың ішінде Консорциум өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға шамамен 10 миллион доллар жұмсады.

Енді Каспий Құбыр Консорциумы мен Атырау облысының әкімдігі КҚК қайырымдылық көмек бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру кезіндегі ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасасты. Құжатқа Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ пен КҚК бас директоры Николай Горбань қол қойды.

Бұдан басқа, тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласын одан әрі дамыту үшін ұзақ мерзімді және тұрақты негізде ынтымақтасуға уағдаласты.

- Консорциум мұнай құбыры жүйесі өтетін аудандарда ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысуды жалғастырады, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсететін болады, - деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Сонымен қатар, 2 жыл ішінде КҚК Талғайран ауылында 900 орындық мектеп салатыны белгілі болды.

17 мамыр, 21:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.