2 мамырда кешкі сағат сегізде Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы №9 разъезд маңында жол-көлік оқиғасы орын алды – «УАЗ» бен «Lada Largus» автокөліктері соқтығысып қалып, 30 және 18 жастағы екі ер адам қаза болды.
Тағы 4 адам Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі («Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА