Атырау, 19 сәуір 06:53
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Тоқаевтың тапсырмасымен үш облыс әкімінің орынбасары қызметінен қуылды

4 127 просмотра

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik.kz.

"Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды", - деді Уәли.

Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылған болатын.

20 сәуір 2021, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.