Атырау, 20 сәуір 20:40
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокаутпен жеңді

3 856 просмотра

Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

1/8 финалында 54 келіге дейінгі салмақта ол жасөспірімдер арасындағы Франция чемпионы Зое Куверсельмен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.

Жекпе-жек барысында Айшагүл қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді. Төртіншіден кейін төреші қазақ боксшысының мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Осылайша Айшагүл Елеубаева жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға шықты.

Сонымен қатар бұл турнирге Қазақстан қыздар құрамасынан Арайлым Марат (48 келі), Гүлнәр Тұрапбай (51), Назерке Серік (51), Жұлдыз Шаяхметова (60), Милана Аюпова (64), Жасмин Қизатова (69), Дана Дидай (75), Әсел Сағатова (81) және Елдана Талипова (+81) жолдама алды.

16 сәуір 2021, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.