Атырау, 29 наурыз 19:02
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Шибөрі де құдайдың жаратқаны

4 052 просмотра

Биыл Атырауда күзгі аң аулау маусымы қыркүйектің бірінші сенбісінен 15 желтоқсанға дейін ұзартылды – бұрын 1 желтоқсанға дейін еді.

– Бұл қыстың соңғы жылдары кеш келіп, суық әдетте желтоқсан айының соңында түсуіне байланысты, - дейді жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан ИМАНҒАЛИЕВ.

Естеріңізге сала кетсек, биыл 21 наурызда басталған көктемгі аң аулау маусымы 4 сәуірде аяқталды. Бұл құс тұмауы, пандемия және т.б. себептермен  жабайы аңдардың азаюына байланысты 5 жылдық мораторийден кейін берілген рұқсат еді.

Қасқыр мен шибөріге келетін болсақ, оларды аулауға электронды үкімет порталына онлайн-өтінім беру арқылы рұқсат алуға болады. Өткен жылдан бастап оларды атуға шектеу қойылды (бұрын ешқандай шектеу болған жоқ).

- Жануарлардың кейбір түрлерін толығымен жойып жіберуге де болмайды, сондықтан шектеу жасалады, биыл 1798 қасқыр мен 1438 шибөріні атуға шектеу белгіленді. Біздің бағалауымыз бойынша, бұл Атырау облысында мекендейтін осы жыртқыштардың жалпы санының шамамен 40-45 пайызы, - дейді Иманғалиев. - Ал ауыл тұрғындары мен аңшылар бұл санды бес есе көбейтіп айтады, бірақ оны нақтылау қажет.

Айта кетейік, бүгін, 15 сәуірде «Киік» республикалық табиғатты қорғау акциясы басталып, 15 мамырға дейін жалғасады. Дәл осы кезеңде киіктер төлдейді. Киіктің бір дарағын атып тастағаны үшін браконьерге 500 АЕК (1 млн 458 мың 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. 

Айнұр САПАРОВА

15 сәуір 2021, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.