Атырау, 18 сәуір 13:40
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Бірнеше елде Рамазан айының басталуы кейінге қалдырылды

3 619 просмотра

Рамазан айының басталуы Парсы шығанағы елдерінде жаңа айдың тууын бақылаудағы сәтсіздіктерге байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлады Sputnik РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының Жоғарғы Соты 11 сәуір қарсаңында бұл күні ешкімнің жаңа туған айды көре алмағанын, сондықтан Парсы шығанағы елдеріндегі қасиетті Рамазан айы дүйсенбіде басталмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Сауд Арабиясы жариялаған хабарламада айтылған. Хабарламаны SPA жаңалықтар агенттігі жариялады.

"Жаңа туған айдың пайда болуын көре алмауына байланысты сот Рамазан айының басталуы туралы шешім қабылдау үшін ертең кешке жиналады", - делінген хабарламада.

Сауд Арабиясының бұл мәселедегі ұстанымын көптеген басқа араб елдері ұстанады. Дегенмен олардың әрқайсысы өз астрономдары мен дін маманының сөзіне сүйенеді.

Катардың вакууфтар және ислам істері министрлігінің мәлімдемесінде "Шаабан айының 29-ында комитеттің жаңа айдың тууын бақылау, оның пайда болуына куә болу туралы үндеуіне ешкім жауап бермеді. Сондықтан комитеттің жұмысы дүйсенбіде жалғасады және ертең олар өз пікірін айтады" делінген.

Осылайша, 12 сәуірде ораза айы Мысыр, Ирак, Тунис, Ливан, Кувейт, Йемен, Оман, БАӘ-де басталмайды.

Егер бұл елдерде айдың тууы дүйсенбіде көрінбесе, Рамазан айы көптеген араб елдерінде сейсенбіде, 30 күннен тұратын Шаабан айы аяқталған кезде басталуы мүмкін. Дегенмен кей елде, оның ішінде Сауд Арабиясында Шаабан айының басталу күніне қатысты күмән бар. Бұл уақытта ауа райының шаңды болуына байланысты жаңа айды көре алмады, сондықтан Рамазан сәрсенбіде басталуы да мүмкін.

Сонымен қатар 2021 жылы Парсы шығанағы елдерінде өткен жылдағыдай коронавирусты жұқтыру қаупіне байланысты Рамазанда қатаң шектеулер сақталады. Кувейт пен Оманда коменданттық сағат енгізілді, ол кешке енгізіліп, таң атқанша жалғасады. Катарда дүкен мен дәріханадан басқа барлық мекеме жабылды. Саябақ, жағалау мен жағажайларда жүруге тыйым салынған.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұған дейін қасиетті Рамазан айы кезіндегі ораза және намаз кестесін жарияланған болатын. 2021 жылы республикада Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.

12 сәуір 2021, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.