Атырау, 29 наурыз 12:31
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атыраулық медицина қызметкерлері вакцинаның екінші дозасын қабылдады

2 023 просмотра

22 ақпанда Атырауда COVID-19 індетіне қарсы вакцина егудің екінші кезеңі басталды. Естеріңізге салсақ, 1 ақпанда Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталып, алғашқы мың еріктіге ресейлік екі компонентті векторлық Sputnik V вакцинасы салынды.

Олардың қатарында облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУАЛИЕВ, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Мәдениет ТАНАУОВ, облыстық аурухана директоры Ербол ИМАНҒАЛИЕВ, облыстық онкология диспансерінің директоры Эльмира САПАРОВА бар. Тура 21 күн өткен соң, оларға және басқа медицина қызметкерлеріне екінші екпе салынды.

Наурызда өңірге тағы 50 мың доза вакцина жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне, мұғалімдер мен құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне егіледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 ақпан 2021, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.