Атырау, 18 сәуір 05:51
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

"Қайдағы дағдарыс? Қазақтар жарысып шетелден вилла алуда​". "Қазақстандағы билік транзиті туралы сарапшы пікірі​". "Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд доллар. Оның қаншасы үкіметтікі?​".

38 935 просмотра

Zakon.kz. «Қайдағы дағдарыс? Қазақтар жарысып шетелден вилла алуда» - Әлемді тығырыққа тіреген карантиндік шаралар біздің кей отандастарымыздың көліктеріне қымбат вип нөмір сатып алуына, тіпті шетелден жылжымайтын мүлік рәсімдеуіне де кедергі бола алмаған сыңайлы. Мәселен қазір Түркия мен Грузияның жылжымайтын мүлкі қазақстандықтар арасында трендте дейді сарапшылар. Сонымен қаржысын қалтасына сыйдыра алмай жүргендер кім?

«Күйеуге шыққысы келетін қыздар таксист жігіттерге сигнал беруде» - Қазақстандық арулар тездетіп күйеуге тиюдің тың әдісін ойлап тапқан тәрізді. Соңғы күндері желіде таксист жігітпен шаңырақ құруға ниет білдірген қыздардың қарасы күрт артқан. Ақ боз ат мінген ханзадасын күте-күте шаршады ма, арулар ақ такси тізгіндеген жүргізушілердің жүрегін жаулауға кірісіпті. Не үшін? Қалай?

«Алынған зейнетақы жинағынан жеке табыс салығын төлеу тәртібі» - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат ем қабылдауға ақы төлеуге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану барысында салықтандыру тәртібіне түсіндірме берді. Бұл мақсаттарға біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салудың жеке тәртібі көзделген.

Azattyq.org. «"Бағасын неге сұрайсың?" "Спутник V" вакцинасын шығаратын Қайрат Боранбаевтың есеп-қисабы» - "Жеткілікті" ақшасы бар, бірақ Forbes журналы жазғаннан "әлдеқайда аз". "Өте көп" салық төлейді, алайда нақты мөлшерін айта алмайды. Мемлекет тапсырысымен вакцина шығарады, бірақ келісімшарт құнын ашып айтпайды. Азаттық тілшісі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевпен кездесіп, одан елдегі және сырттағы дүние-мүлкі, бұрынғы президент отбасымен туыстығы жайлы сұрады.

«Бозжыра шатқалын қорғаушылар онлайн-петиция бастады» - Қазақстандағы табиғаты ерекше Бозжыра шатқалында VIP-қонақүй салу жоспарына қарсылар онлайн-петицияға қол қою науқанын бастады. Азаматтар мен мемлекеттік органдарға арнап жазылған ашық хатта авторлар жоспарда көрсетілген орында құрылыс салғызбауға шақырады.

«Bellingcat: ФСБ қызметкерлерінің ресейлік оппозиционер Кара-Мурзаны улауға да қатысы бар» - Былтыр Кремль сыншысы Алексей Навальныйды аңдыған ФСБ қызметкерлерінің оппозиционер Владимир Кара-Мурзаның да улануына қатысы бар. Олар 2015 және 2017 жылдары оппозиционер улану белгілері бойынша ауруханаға түскенге дейін тұрақты түрде Кара-Мурзаның ізін аңдып отырған. Bellingcat тобының 11 ақпанда жарық көрген зерттеуінде осындай тұжырым жасалады.

«"Өзгермейтін" Назарбаев, "әлсіз" Тоқаев, "тұрақсыз" Дариға. Қазақстандағы билік транзиті туралы сарапшы пікірі» - Наразыларды күшпен басу мен сынға қалған парламент сайлауынан басталған, саяси реформалар мен либерализацияның исі де сезілмейтін биылғы жылы Қазақстанды не күтіп тұр? Экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның парламентке оралуы әкесінің биліктегі орнын басуы мүмкін дегенді білдіре ме? Азаттық саяси қауіп-қатер және бизнес-сараптама бойынша консалтинг қызметін көрсетумен айналысатын PRISM агенттігінің жетекші маманы, британдық Бенджамин Годвиннен сұхбат алды.

«Навальный, Кремль, АҚШ, Германия. "Газпром" құбыры Ресейді санкциялау тетігіне айнала ала ма?» - Ресейден Германияға газ таситын Nord Stream 2 құбырының құрылысы кідірістен соң қайта жалғасты. Қазір ең соңғы бөлігі салынып жатыр. Кремль сыншысы Алексей Навальныйдың қамалуынан соң бұл құбыр Ресейге жаңа санкция салудың бас объектісіне айналды. АҚШ пен кей Еуроодақ елдері бұл жоба Еуропаны Ресейге тәуелдірек етеді деп оны тоқтатуға шақырып отыр. Бірақ соңғы сөз Германияда.

Informburo.kz«Джо Байден, Си Цзиньпин және ынтымақтастық эволюциясы» - Қытай билігі АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденмен ымыраға келе ме? Factchek.kz Клэрмонт МакКенна колледжінің профессоры, АҚШ Герман Маршалл неміс қорының бейрезидент Бас ғылыми қызметкері Минсин Пейдің сараптамалық пікірін жария етті.

«Көлсай, Қайыңды, Мұзтау және Хан Тәңірі. Кеген ауданы туризмді қалай дамытып отыр?» - Алматы облысының Кеден ауданы негізінен аграрлық салаға маманданғанымен соңғы жылдары мұнда туризм де қарқынды дамып келеді. БАҚ өкілдері арнайы барып, Көлсай мен Қайыңды көлдері сән берген өлкенің тынысымен танысып қайтты.

«Темекі, ішімдік және есірткіге тәуелділіктен қалай арылуға болады?» - Денсаулық тұтынатын тағамға, ұстанатын өмір салтына, сондай-ақ, медицина қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты. Осы арқылы өмір сапасын жақсартып, оның ұзақтығын арттыруға болады. Алайда ішімдік, темекі, есірткі сияқты зиянды өнімдерге әуестеніп, денсаулығына зиян тигізетіндер аз емес. "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова тәуелділіктен арылу үшін зиянды азайту стратегиясын қолдану қажет деген пікірде.

«Галлюциногенді саңырауқұлақтар адам бойында "өне" бастағаны рас па?» - 30 жастағы америкалық "өзіне галлюциногенді саңырауқұлақ қайнатпасын салып, өліп қала жаздады. Саңырауқұлақтар оның бойына өсе бастаған" деген хабармен төбеден түскендей етті. Бұл ретте Snob Кеңес беру және коммуникатив психиатрия академиясы журналы жариялаған "Қарқынды терапия бөліміне "трип": көктамыр ішіне псилоцибин салу" атты баяндамаға сілтеме жасайды. Адам галлюциногенді саңырауқұлақтарды өндіретін фабрика бола алады дегенге сену қиын болғандықтан, ақпаратты тексеруді жөн көрдік.

Baq.kz. «Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд доллар. Оның қаншасы үкіметтікі?» - Экономист, GSB бизнес талдау орталығының директоры Мақсат Халықтың Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты сараптамасы өзінің youtube каналында жарияланды. Экономистің айтуынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд доллар, бұл - жалпы сыртқы қарыздың көлемі. Оның ең көп бөлігін немесе 63%-ын фирмааралық берешектер құрайды екен.

«ҰБТ 2021: Өзгерістер мен жаңашылдықтар» - Елімізде 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі. Биылдыққа ҰБТ-ның алғашқысы қаңтар айында өтті. Осы ретте биыл тестілеудің форматында қандай өзгешеліктер бар? Тестілеу қашан электронды форматта өткізіледі? Шекті балл көлемі қанша? ҰБТ сұрақтары жаңарды ма? Осы сияқты сауалдарға бүгінгі мақаламызда жауап береміз.

«Тәуелсіздік жастары: Мемлекетті кінәлай бермей, білім алу керек» - Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толатыны белгілі. Айтулы мерекені тойлау жыл басынан басталды. Осы орайда тәуелсіздік жылдары дүниеге келген жастардың тұлғалық қалыптасу жолы туралы жазуды жөн көрген едік. Тәуелсіздік құрдасы Ботагөз Нышанның 30 жылдық өмірлік тәжірибесі туралы оқи отырыңыз.

«Бурабайда қысқы демалысты қалай өткізуге болады?» - Халық арасында Бурабай «Қазақстанның Швейцариясы» деп аталып кеткен. Табиғаты әсем Бурабай өлкесінде жылдың қай мезгілінде де демалысты қызықты ұйымдастыруға болады.

12 ақпан 2021, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.