Атырау, 20 сәуір 14:28
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жол бойындағы кафе блок бекетіне айналуы мүмкін

2 977 просмотра

Атырау әкімдігі «Атырау-Доссор» және «Атырау-Индер» трассасындағы стационарлық екі полиция бекетінің ғимаратын аукционға шығарды. Қалалық ТКШ бөлімі 12 ақпанда электронды саттық өткізуді жоспарлап отыр. Қатысу үшін сәйкесінше 9 және 10 миллион теңге кепілдік жарнасын төлеу керек. Айтпақшы, бір полиция бекетінің баланстық құны шамамен 65 миллион теңге болады.

«Атырау-Доссор» трассасы бойындағы бекеттің жалпы ауданы - 208,9 ш.м., трансформаторлық қосалқы станция - 4,72 ш.м., жер учаскесінің алаңы - 0,25 га. Сонымен қатар, шағын күрке, шолу алаңы, септик, қалқа, су құбыры, бейнебақылау жүйесі, дизельді генераторлар бар. «Атырау-Индер» бекетінде де дәл осылай.

Сенімгер басқарушы келісімшарт жасасқаннан кейін, уәкілетті органдарға нысанды одан әрі пайдалану, оның ішінде кіріс алу үшін ұсыныстар енгізуге құқылы. Нысандардың орналасқан жерін ескерсек, ол жерде жол бойындағы кафе болмаса, дүкеннің пайда табуы екіталай.

Тағы бір маңызды жайт: карантин қайтадан күшейтіліп, қаладан шығуға/кіруге тыйым салынған жағдайда, меншік иесі нысанды тәулік ішінде уәкілетті органдарға блок бекеті ретінде уақытша пайдалануға беруге міндетті.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылы Атырау – Орал, Атырау – Индер, Атырау – Ақтау және Котяевка – Рубеж жолдарының бойында жалпы сомасы 300 миллионнан астам теңгеге полиция бекеттері салынған еді.

Алайда 2019 жылы ІІМ жол учаскелерінің фото- және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталуына қарай Қазақстандағы осындай бекеттердің барлығы кезең-кезеңімен жойылатындығын жариялады.

Фархат ӘБІЛОВ 

2 ақпан 2021, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.