Атырау, 20 сәуір 05:21
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бас санитар дәрігер вакцинадан кейінгі жағдайымен бөлісті

2 114 просмотра
Сурет: Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейінгі әсері туралы айтты. Қиясов елімізде "Спутник V" вакцинасын салдырған алғашқылардың бірі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ең алдымен, науқасты тексеру жүргізіледі, оның барысында анамнез алынып тасталады (өзін қалай сезініп отырғаны, өткерген аурулары, аллергия туралы сұралады - еск.). Температураны, қысымды өлшеу, жұтқыншақ тексеріледі. Осыдан кейін дәрігер адамға вакцинация жасауға рұқсат береді. Пациентке вакцина салдыруға келісім қағазы беріледі және ол оған қол қояды. Вакцина екі кезеңнен тұратындықтан, ол қайта келуі керек. Екінші доза 21-ші күні салынады", - деді Қиясов журналистерге.

Оның айтуынша, вакцинацияның нәтижесі үшін барлық жауапкершілік өндірушіге де, тікелей медициналық мекемеге де жүктеледі.

"Барлық жауапкершілік бірдей. Әрине, Денсаулық сақтау министрлігі әр жағдайды бөлек зерттейді. Әр өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының жанынан типтік емес реакцияларды тексеру бойынша арнайы комиссиялар құрылады", - деп толықтырды вице-министр.

Вакцинациядан кейінгі сұхбат барысында журналистер вице-министрден вакцинацияның екінші кезеңін өткізгенге дейін карантинді сақтай ма деп сұрады. Алайда Кисясов мұндай қажеттілік жоқ деп сендірді. Сонымен қатар, ол вакцина алу режимді сақтаудан босатпайтынын атап өтті.

"Мұндай қажеттілік жоқ. Мен барлық ережені сақтауға тырысамын. Вакцинаға қарамастан, мен сізді де режимді сақтауға шақырамын, өйткені адам вакцинаны алатынына қарамастан, кейде вирусты тасымалдаушы ретінде қызмет етуі мүмкін. Ықтималдығы аз, бірақ сіз өзіңізді қорғайсыз. Вакцинация жасау арқылы ең алдымен өзіңізді қорғаңыз. Ауруды жұқтыру мүмкіндігін азайтасыз. Бірақ ағзаңызды сізге шабуыл жасай алатын вирустардан босатпайсыз. Бұл вакцина сіздің денеңізді аурудан қорғайды", - деді Қиясов.

1 ақпан 2021, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.