Атырау, 28 наурыз 15:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстанда Ресей және Түркиямен тұрақты рейстер көбейді

2 621 просмотра

Қазақстан Ресей және Түркиямен тұрақты рейстерді көбейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сәйкес, Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерін әр тараптан аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін, сондай-ақ Түркиямен түрік тарапы үшін Анталья - Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рейске ұлғайтуға рұқсат берілді.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер ұлғайтылғаннан кейін, ресейлік тараптың келісімін ескере отырып, әуе қатынасы әр тараптан Нұр-Сұлтан - Мәскеу (аптасына 2 рейс) және Алматы - Мәскеу (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша аптасына 3 рейстен орындалады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады", - делінген хабарламада.

30 қаңтар 2021, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.