Атырау, 19 сәуір 10:32
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Путин тұрғындарға жаппай вакцина салуды тапсырды

1 755 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин келесі аптадан бастап тұрғындарға жаппай коронавирусқа қарсы вакцина егуді тапсырды. Билік елде егу кампаниясы басталғанын 2 желтоқсанда хабарлаған. Бірақ ол кезде мәселе "жаппай" емес, "кең ауқымды" вакцина салу төңірегінде болған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

"Кең ауқымды вакцинациядан жаппай егуге көшуіміз керек" деді үкімет мүшелерімен онлайн-жиналыс өткізген Путин. Ол үшін инфрақұрылымды да дайындықтан өткізу қажеттігін алға тартты.

"Құдайға шүкір, біз әзірлеген вакцинаны тасымалдау үшін минус 50, минус 70 градус сияқты ерекше жағдай қажет жоқ. Бізде бәрі қарапайым әрі тиімдірек жұмыс істейді" деді Путин.

Вице-премьер Татьяна Голикова "үкімет президент тапсырмасын орындауға дайын және Ресейде жаппай вакцинация 18 қаңтарда басталады" деп мәлімдеді.

Коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде төртінші орында тұрған Ресейде өткен айдан бастап сынақтың үшінші кезеңін толық аяқтамаған Гамалея орталығы әзірлеген "Спутник V" препараты тұрғындарға егіле бастаған.

Ресейлік тіке инвестиция қорының мәліметінше, содан бері "Спутник V" вакцинасы 1,5 млн ресейлікке егілген.

14 қаңтар 2021, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.