Атырау, 20 сәуір 14:41
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мәслихатта орындар бөлінді

2 223 просмотра

12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясының сайлау қорытындысы бойынша өткен отырысында Атырау облысының АСК басшысы Азамат АЙМАНАКУМОВ Атырау қалалық мәслихатында «Нұр Отан» партиясы 18 мандат, ал «Қазақстан Халық партиясы» (бұрынғы коммунистер), «Ақ жол» және «Адал» партиялары әрқайсысы 2 мандаттан алғанын хабарлады.

Облыстық мәслихатта «Нұр Отан» партиясы 25 орын, ал «Ақ жол» мен «Ауыл» 3 орыннан алды. Аудандық мәслихаттарда 71 орынды «Нұр Отан», 8 орынды «Ақ жол», 4 орынды «Ауыл», 2 орынды «Қазақстан халық партиясы» және 1 орынды «Адал» партиясы алды.

Атырау облысында 411 109 бюллетень дайындалып, 231 882 сайлаушы дауыс берді, сайлауға қатысу - 56,4% болды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

13 қаңтар 2021, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.