Атырау, 29 наурыз 12:09
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы бүлікке қатысты пікір білдірді

2 017 просмотра

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы бүлікке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында үш тілде жазды.

"Мен АҚШ-та болып жатқан оқиғалар жақын арада шешіледі деп үміттенемін және соған сенемін. Сондай-ақ, біздің пікірлеріміз әртүрлі болса да, бір-бірімізді құрметтеуді үйренуіміз керек. Біз зорлық-зомбылықсыз әлемде өмір сүру үшін жұдырықтай болып жұмылуымыз қажет", делінген жазбада.

17 қаңтарда Димаш Құдайберген жаңадан сайланған АҚШ президенті Джо Байденнің ұлықтау апталығының ашылуында сөз сөйлейді.

6 қаңтарда Вашингтонда АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың жақтастары оны қолдап, конгресс ғимаратына басып кірді. Соның нәтижесінде соңғы сайлаудың нәтижелерін бекітуі тиіс жиналыс ортасынан үзілді. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ тапаншасын қолданды. Вашингтон полициясы хабарлағандай, наразылық акциясы кезінде төрт адам қаза тапты.

8 қаңтар 2021, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.