Атырау, 20 сәуір 18:42
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Аяғын шалыс баспас бұрын ойланатын болады

3 765 просмотра

30 желтоқсаннан бастап Қазақстанда ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынады. Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердегі осы және басқа да өзгерістер туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Айдос МАМЫТ брифингте әңгімеледі.

Оның айтуынша, екі жағдайда ғана тыйым қолданылмайды. 1. Егер сотталған адам әлеуметтік жағынан осал азаматтардың кейбір санатына жататын болса (кішкентай балалары бар әйелдер; кішкентай балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін ер адамдар; 58 жастан асқан әйелдер, 63 жастан асқан ерлер; I және II топтағы мүгедектер). 2. Егер сотталған адам ынтымақтастық туралы процессуалдық келісімнің барлық шартын орындаған болса.

Бірақ мерзім аралығы ұзартылды, ол өткеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беруге құқылы.

- Егер бұрын жоғарыда аталған азаматтар санаты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаның үштен бірін өтеген соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере алатын болса, енді олар жазаның кемінде жартысын өтеуі керек болады, - деді Мамыт. – Ал сотталған адам аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтінішті жазаның кемінде үштен екі бөлігін өтеуі керек (бұрын кемінде жартысы болған). Қолданыстағы шаралар алдын-алу құралы ретінде пайдалы болатынына сенімдімін. Әрбір мемлекеттік қызметші енді аяғын шалыс баспас бұрын, мың рет ойланатын болады.

Екінші өзгеріс - сотталушыларда жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жазаны бірден қоныс колониясында өтеу мүмкіндігі болмайды.

- Бұл жалпы қылмыс жасағаны үшін сотталғандармен салыстырғанда жемқор шенеуніктердің артықшылық жағдайын жояды. Қоныс колониясына ауысу үшін жабық типтегі түзеу мекемелерінде кем дегенде екі жыл өткізу керек. Бұл айырмашылық біраз сын тудырды.

Үшінші өзгеріс - құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық жазасы күшейтілді: олар үшін, мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы («Пара алу») бойынша ең ұзақ мерзім қолданылды.

Төртінші өзгеріс - мемлекеттік қызметкерлерге, парламент депутаттарына, судьяларға шетелдік банктерде есепшот ұстауға тыйым салуды енгізу. Енді мемлекеттік қызметшілерді лауазымға тағайындау кезінде оларға, егер бар болса, шетелдегі шоттарын жабуға 6 ай мерзім беріледі. Ал жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге келетін болсақ, оларға да ҚР-дан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердегі есепшоттарды жабуға 6 ай мерзім беріледі.

Сонымен қатар, заңда мемлекеттік қызметшілердің шетелдік банктерде есепшоты болуға құқығы бар жағдайлар анықталған - бұл жұмыс, оқу, тағылымдамадан өту, шетелге іссапарға шығу, емделу немесе заңды өкіл ретінде кәмелетке толмаған баланың шетелде болуы.

Егер мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі есепшотын жапқысы келмесе, онда ол өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш беруі керек.

Айнұр САПАРОВА

29 желтоқсан 2020, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.