Атырау, 19 сәуір 12:54
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​​"Ресей агенті Навальныйдың қалай уланғанын абайсызда айтып қойды​". "Кремль сыншысы Кара-Мурзаның жұмбақ сырқаты және ФБР-дың жаңа деректері​". "Шығу төркіні белгісіз байлыққа" ордер салу ісі​". "Нұрлан Ермекбаев балабақша басқара ма?​"​.

11 904 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ресей агенті Навальныйдың қалай уланғанын абайсызда айтып қойды» - Ресей агенті Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) Кремль сыншысы Алексей Навальныйды "Новичокпен" қалай улағанын абайсызда айтып қойды. 49 минуттық телефон әңгімесінің жазбасын Навальныйдың өзі жариялады. Саясаткер ФСБ агенті Константин Кудрявцевпен өзі сөйлескенін айтады.

«"Қасақана у берген". Кремль сыншысы Кара-Мурзаның жұмбақ сырқаты және ФБР-дың жаңа деректері» - АҚШ билігі Ресейдің оппозициялық белсендісі кіші Владимир Кара-Мурзаның кенеттен ауырып, өлім аузынан қалуын "қасақана улау" деп қарастырады. АҚШ Әділет министрлігінің Азаттық танысып шыққан құжаттарында америкалық дәрігерлер мен ғалымдар оппозиционер биотоксин немесе радиоактивті заттан уланған болуы мүмкін деген тұжырымда.

«Мәсімовтың еуросаяхаты, Есімов күйеу баласының Назарбаевтарға қатысы және Англиядағы "болашақтықтар"» - Осы аптада халықаралық басылымдар Кәрім Мәсімовтың Парижге саяхаты туралы зерттеудің жалғасын жариялады. Шетелдік баспасөзде сондай-ақ Ахметжан Есімовтің қызы мен күйеу баласының ажырасуы салдарына АТФ Банкінің едел-жедел сатылуы және Ұлыбританияда "Болашақ" бағдарламасымен оқитын студенттердің мәселесі жазылды.

«Қырғыздар президент, қазақтар депутат сайлайтын күн. Екі елдегі науқанның ерекшелігі неде?» - Орталық Азияның іргелес жатқан екі елі – Қазақстан мен Қырғызстан сайлауын бір күнге қойып отыр. Бірі парламент депутаттарына дауыс берсе, екіншісі президент сайламақ. Тарихы, тілі, діні, ұлты – бәрі-бәрі шамалас бұл екі мемлекетте саяси жүйеге келгенде елеулі айырмашылықтар бар. Ұқсастық та жоқ емес.

«Шығу төркіні белгісіз байлыққа" ордер салу ісі: Әзербайжан банкирінің әйелі Ұлыбритания сотында жеңілді» - 21 желтоқсанда Ұлыбритания жоғарғы соты Әзербайжан банкінің бұрынғы төрағасы Джахангир Гаджиевтің әйелі Замира Гаджиеваның апелляциялық өтінішін қанағаттандырмады. Лондондағы Harrods дүкенінде 10 жыл ішінде 16 миллион фунттан астам ақша жұмсады (21,3 млн доллар) делінген Гаджиева өзін ақшаның қайдан келгені жөнінде есеп беруге міндеттеген Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің (NCA) ордерінің күшін жойғысы келген. Гаджиева бұған дейін де сотқа бірнеше рет шағымданғанмен өтініші қанағаттандырылмаған болатын.

«“Назарбаев тұрғанда ақиқат ашылмайды”. Докторлық зерттеуін Желтоқсан оқиғасына арнаған АҚШ ғалымы» - Совет одағы кезінде Батыс басылымдары меншікті тілшілерінің көбі Мәскеуде отырды. Ал өңірден келетін жаңалықтар Коммунистік партияның сүзгісінен өтті. Осы себепті Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы әлем назарынан тыс қалды. Арада 14 жыл өткенде бір америкалық осы оқиғаны өзінің докторлық зерттеуі етіп алды. Пенсильвания мемлекеттік университетінің доценті Майкл Стефани Азаттыққа берген сұхбатында тақырыпты не үшін таңдағанын, Қазақстанға сапарында қандай кедергілерге тап болғанын, оқиға туралы не ойлайтынын әңгімеледі.

ZAKON.KZ. «"Қауіпсіздік сертификатының" түпкі мақсаты халықты аңду ма?» - Біздің елде Google, Twitter, YouTube, Facebook, Instagram, WhatsApp, Netflix істемейтін болады. Мен күресіп жүрген мәселелердің бірі - қазақ қоғамында азаматтық позицияның болмауы. Біздің қоғам бір ренжіген дауысы жоқ кішкентай бала секілді. Айтылған затқа көне береміз, деп жазады narikbi_live телеграм каналы.

NUR.KZ. «Жаңа жылда еркектерге қандай сыйлық жасамаған жөн: Маманның кеңесі» - Әдеп және іскерлік хаттама бойынша кеңесші Татьяна Николаева ерлерге қандай сыйлықтар ұсынбаған жөн екенін айтып берді деп жазады ren.tv. 

«"Қызымнан қарыз алатынмын": Әнші Бүркіт басынан өткен қиын кезеңді есіне алды» -  Отандық шоу-бизнес жұлдызы Бүркіт әншілік мансабы қалай басталғаны туралы бар шындықты айтты. Әнші өнерге келерде қатты қиналғанын жасырмады. Ол тіпті сол кездері сүйіктісінен қарызға ақша алып тұрғанын да мойындады деп жазады.

SPUTNIK.KZ. «Сүйіспеншілік пен шеберлік және тылсым дүние: қуыршақтар қалай жасалады» - Қуыршақтар қалай жасалады және онымен қандай тылсым дүниелер байланысты. Sputnik Қазақстан тылсым сырға толы қуыршақтар суретінің топтамасын ұсынады.

NEGE.KZ. «Кеңсе құлыптаулы. 2021 жылы компаниялар қызметкерлерін неге үйінде қалдыратын болды?» - Биыл қашықтан жұмыс істеу пандемия салдарынан болған мәжбүрлі үрдіс деп қабылданса, келесі жылы кеңсесіз бизнес Қазақстанның жаңа тренді болуы мүмкін. Қызметкерлері «удаленкада» тиімді жұмыс істеген компаниялар ескі модельге енді оралмайтын болады.

«Нұрлан Ермекбаев балабақша басқара ма?» - Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «қазақстандық әскерде дедовщина жоқ» деп мәлімдеді.

22 желтоқсан 2020, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.