Атырау, 19 сәуір 13:27
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Испанияда балалардың денесінен түк шыға бастады

3 896 просмотра

Испанияның Кантабрия өңіріндегі Торрелавега қаласында 20 баланың денесінен түк шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті билік бір топ балаға қателесіп, іш ауруын емдейтін омепразол дәрісінің орнына шаштың өсуіне арналған миноксидилді бергенін мойындады. Себебі дәріге таңба дұрыс қойылмай, ол қаладағы дәріханаларға жеткізілген.

Daily Mail

Миноксидилді қабылдаған балаларда гипертрихоз ауруы пайда болған. Яғни олардың денесінен түк шыға бастаған. Қала билігіне қатесін мойындауға, дәріні кері қайтаруға және мұндай олқылыққа жол берген зертхананы жабуға 2 ай уақыт кеткен.

Ашулы ата-аналар бұл жағдайды көпшілік білгенін қалаған. Бұл жағдайға қатысты тергеу басталған. 2019 жылы мұндай жағдай Андалусия мен Валенсияда да болған. Зардап шеккен отбасылар зертханаға және бірнеше компанияға препаратты өндіріске импорттағаны және таратқаны үшін және Кантабриядағы екі дәріханаға азаматтық және қылмыстық шағым түсірді

Айта кетейік, гипертрихоз емделмейтін ауру болып саналады. Сондықтан балалардың бұл аурудан жазылатын-жазылмайтыны белгісіз болып тұр.

3 желтоқсан 2020, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.