Атырау, 19 сәуір 19:31
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстан Туын балконға ілуге рұқсат берілді

3 642 просмотра

27 қарашада Премьер-министр Асқар Мамин ғимараттардың қасбеттеріне мемлекеттік туды ілуге рұқсат беретін "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран мәтінін пайдалану (белгілеу, орналастыру) ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулыға сәйкес, Ережеде 4-тармақтың бірінші абзацы келесідей көрсетілген:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғаларға патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға (орнатуға) болады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жасаған болатын.

3 желтоқсан 2020, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.