Атырау, 19 сәуір 08:51
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​"​Маминның «малы» мұхит асты​". "Несие алатын да, алған соң төлемейтін де көбейді. Бұған тек пандемия кінәлі ме?​". "Қытай жалған ақпарат таратты​". "Шығу төркіні белгісіз миллиардтар. Ресей олигархтарының АҚШ-тағы ақшасы​".​

12 301 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Экс-президент басқаратын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Шыңжаң қазақтарын қорғай алды ма?» - Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын, "әлемдегі қазақтардың мәдени-рухани мүдделерін қорғау үшін" құрылған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Шыңжаңдағы қазақтарға қысым жасалғанда қайда болды? Бұрынғы ішкі істер министрі төрағаның бірінші орынбасары саналатын бұл мекеме ештеңе тындырған жоқ дейді қоғамдық ұйымдар өкілдері. 

«Шығу төркіні белгісіз миллиардтар. Ресей олигархтарының АҚШ-тағы ақшасы» - Жақында Вашингтондағы Атлант кеңесінің сарапшылары "АҚШ-ты Ресейдің заңсыз қаржысынан қорғау” деп аталатын есебін жариялады. Онда шетелдегі офшорлық шоттарға шығарылған Ресей капиталы тыңшылық пен терроризмді қаржыландыру, саяси манипуляция жасау, жалған ақпарат тарату мақсатында пайдаланылуы мүмкін деп жазылған. 

«"БҰҰ комитеті менің пайдама шешім шығарды". Халықаралық ұйымның қолдауы қазақстандықтарға не береді?» - Кейінгі он жылда БҰҰ комитеттері 38 қазақстандықтың өз елінде әділетсіз сотталғанын анықтап, оларды ақтайтын шешім шығарған. Бірақ Қазақстан соттары халықаралық ұйымның істі қайта қарау туралы талабын көбіне елеусіз қалдырады. Онда неге адамдар әлі күнге БҰҰ-ға жүгінеді?

«Несие алатын да, алған соң төлемейтін де көбейді. Бұған тек пандемия кінәлі ме?» -Қазақстан билігі жұрттың "кредитке тәуелдігін азайтуды" көздейтін науқан өткізіп, қаржы нарығын реттейтін жаңа заң қабылдағанымен, жыл басынан бері несие алатындар да, оны кешіктіріп төлейтіндер де көбейді. Кейінгі жылдардағы жаппай кредит алу құбылысын індеттен кейін күшейген экономикалық дағдарыс ушықтырып жіберді.

QAMSHY.KZ. «"Үйіңді тартып аламыз". Кредитке қатысты заңсыздықтар» - Жақындарының жайын ойлап, кредит алып беріп, кейін опық жеп қалатындар аз емес. Сондай-ақ қаражаттан қысылғанда, оңай деп онлайн кредитті де алатындардың қарасы азаймай тұр. Борышкерлер банкке қарызды өтей алмағанда, коллекторлар қоқан-лоққы көрсететінін де естіп жүрміз. Алайда осы әрекеттердің қайсысы заңды? Қарапайым халық заң тұрғысынан нені білгені жөн? 

«Баланы қатігездікпен өлтірген солдат: Қытай жалған ақпарат таратты» - Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисон телеарнаға берген сұхбатында Пекин жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрауын талап етті.   

NUR.KZ. «Қазақстандық азамат қуыршаққа үйленіп, аста-төк той жасады» - Қуыршаққа коронавирус салдарынан үйлене алмай келген қазақстандық бодибилдер ақыры аста-төк үйлену тойын жасады. Ол қуыршақты жары етуді бұрыннан армандап келген.

ZHASALASH.KZ. «Маминның «малы» мұхит асты» - Әулеттің дәулеті кімнің әлеуетіне жұмсалды? Қыркүйекте мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев премьер-министр Асқар Маминды  парламентке шақырып, пандемияға арнап бөлінген миллиардтаған теңгенің қайда жұмсалғанын түсіндіруді талап етті. Бірақ үкіметбасы Әлтаевтың депутаттық сауалына үш ай ішінде жауап берген жоқ. Сөйтсек, премьер-министрдің халық қалаулысының сұрағына жауап бермейтін де жөні бар сияқты.

«COVID-19: антибиотиктер көмектесе ала ма, ақиқаты қайсы?!» - Бұрынғыдай емес, қазір бір жеріміз ауырса болды, бірден антибиотикке жүгіретін әдетіміз бар.  Осы антибиотиктердің пайдасы мен зияны да қатар жүретінің біріміз білсек біріміз білмейміз. Осы жайлы дәрігер-терапевт Меруерт Бақытпен сұхбаттасқан едік:

«Ипотекалық дағдарыс келе жатыр ма?!» - Пандемия салдарынан елімізде ипотекалық несиеге өтініш берушілердің саны күрт төмендеген. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің соңғы рәсімдеген ипотекалық несие көлемі 17,9 млрд теңгені құрап отыр. Бұл ағымдағы жылдың наурыз айымен салыстырғанда 66,7 пайызға аз. Ал өткен жылғы көрсеткіштен 71,2 пайызға төмендегенін көрсетеді.

«Алматының мәселесін шешуге әкім Сағынтаевтың әлі жете ме?» - Жыл өткен сайын Алматы қаласының аумағы ғана емес, проблемасы да ұлғайып барады. Соңғы жылдары мегаполис құрамына екі аудан қосылып, шаһар территориясы 23 мың гектарға кеңейді. Сәйкесінше, қаланың жолаушылар тасымалы, экономикасы мен инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, тұрғын үй секілді әлеуметтік салаларға да жүктеме арта түсті. Бұрынғыдай «бәрін қатырам, бәрін зың қылам» дейтін популизмге бүгінде ешкімді сендіре алмайсың. 

«Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?» - Үкімет болашақ ұрпақтың «қалтасынан» алдағы үш жылға қанша ақша алатынын айтты. 19 қараша күні мәжіліс қана мақұлдаған заң жобасы сенаттан да қолдау тауып,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң президенттің қол қоюына жіберілді. 

«Зейнетақы қоры ма, әлде маңдай тердің соры ма?» - Қазақстанның зейнетақы қорына қатысты қордаланған жайттарды  «Жас Алаш» бұған дейін де бірнеше мәрте қаузады. Бүгінгі айтпағымыз Ұлттық банктің осыдан екі жыл бұрын 1,5 млрд доллар қаржыны зейнетақы қорынан алып, шетелдік бес компанияға басқаруға бергені жайлы болмақ. 

30 қараша 2020, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.