Атырау, 16 сәуір 09:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Қаракөлдің қоқиқазын әлем тамашалады. Енді ешкім тыныштығын бұзбасын

Бейнежазба
4 288 просмотра

Жерлесіміз әрі әріптесіміз Азамат СӘРСЕМБАЕВТЫҢ Маңғыстау облысындағы қызғылт қоқиқаз туралы видеосы санаулы күннің ішінде әлемді шарлап кетті. Оны қалай түсіргені, бұл үшін қандай жаза қолданылмақ болғаны және авторлық құқықты қорғау туралы қандай ұсыныстар түскенін Азамат «AЖ»-ға әңгімелеп берді.

14 қарашада Азамат әлеуметтік желідегі парақшасында керемет сұлулықты - Қаракөл көліндегі қызғылт қоқиқаз үйірінің видеосын жариялады. Осынау ерекше құстардың әсемдігі ешкімді бей-жай қалдырмады, бұған әлемнің көптеген басылымдары мен телекомпаниялары: «Тенгриньюс», Elgezit kg, «BBC News Russian», «РИА Новости», «ABC News» үштігіне кіретін американдық телевизиялық желі, әлемдегі ең ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің бірі «Reuters», жапондық «NHK World -Japan» орталық арнасы назар аударды.

- Бүкіл телеарна бейнежазбаны таратуға рұқсат сұрады, 50 доллардан 150 еуроға дейін ақша ұсынды. Бір агенттік роликті пайдаланған кезде түскен пайданың 60 та 40 пайызы шартымен менің мүддемді қорғамақ болды. Қырғын құжат жіберді, оларды толтырып, қол қою керек болды. Бірақ мен біздің өлкеміздің сұлулығы туралы жазып, айтып жүрсе болғаны, бәрі тегін пайдалансын деп ұйғардым, - дейді роликтің авторы.

Кез-келген оператор осындай телеарналарда туындысы таралғанын армандайды, ал Азаматта бұл бірден іске асты. Көктемде бейнеролик түсіру мен монтаждауға әуестеніп, жарты жылдан кейін осындай жетістікке жетті. Алдымен роликке бірінші болып орман шаруашылығы комитетінің қызметкерлері назар аударған. Қорғалатын аумақта түсірілім жасауға тыйым салынады, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 378-бабы («Жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша айыппұл салынады, деп қорқытқан.

- Мен өзімдікі дұрыс демеймін, өз іс-әрекетіммен Қызыл кітапқа енген құстардың тыныштығын бұзғанымды түсінемін, менің ролигімнен кейін көпшілігі бұл құстарды камераға түсіру үшін осы қорыққа ағылып, олардың тыныштығын бұзады. Мен мұның бәрін түсініп отырмын! Бірақ Қызыл кітапқа енген құстар қорғалатын болса, егер біз осы әдемі тіршілік иелерін мазаламай, олардың сұлулығына әрі қарай да тамсана бергіміз келсе, неліктен оларды қорғап, қауіпсіздігін бақылау үшін жағдай жасалмаған? Мен қорық бойынан ескерту белгісін немесе маңдайшаны, көлдің периметрі бойынша бірде-бір ақпараттық стендті көрмедім. Оны орнату қиын ба? Егер ескерту белгісін көрсем, дронды ұшырмас бұрын мың рет ойланар едім! - дейді Азамат.

Оның айтуынша, ол осы ғажайып құстарды үркітпеу үшін бәрін жасаған. Әрі кеткенде жарты сағатқа созылған түсірілім кем дегенде 10 метр биіктіктен, төрт еселік зуммен жабдықталған дрон арқылы түсірілген.

Нәтижесінде экологтар танымал болған видео авторына айыппұл салмады, олар тек профилактикалық әңгімемен шектелді. Дүние жүзіндегі көрермендер мен интернет қолданушылар сирек кездесетін құстарды табиғи тіршілік ететін мекенінде тамашалауға мүмкіндік алды. Енді кейіпкеріміздің жетістігін қайталағысы келетін табиғат сүйгіштер бұл қорыққа келуді жиілетпесе екен дейміз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

А.Сәрсембаевтың әлеуметтік желідегі жеке парағынан алынған видео

20 қараша 2020, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.