Атырау, 19 сәуір 23:17
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Уханда сиыр етінен коронавирус анықталды

2 264 просмотра

Қытайдың Ухан қаласында импортталған мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Тengrinews СИНХУА сайтына сілтеме жасап. 

Дереккөз мәліметінше, ет Уханға Бразилиядан Тяньцзинь кедені арқылы 25 қыркүйекте әкелініп, тоңазытқышқа салынған. Жалпы салмағы 27 тонна болатын мұздатылған сиыр етінің 1313 блогынан коронавирус табылып отыр.

Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал жергілікті билік өкілдері қажет тауарларды мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап жатыр.

Бұған дейін Ухан билігі қала бойынша барлық импортталған мұздатылған азық-түлік өнімін мұқият тексеруді тапсырған болатын. 

Еске салайық, мұның алдында 20 елдің азық-түлік пакеттерінен коронавирус анықталғаны хабарланған еді.


20 қараша 2020, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.