Атырау, 28 наурыз 20:03
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

АҚШ Навальныйдың улануына байланысты резолюция қабылдады

2 430 просмотра

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың улануына байланысты резолюция қабылдады. Заң шығару органдары Вашингтонды "оппозиционерге у беру" оқиғасына байланысты Ресейге санкция салуға шақырды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Конгресс резолюциясының рекомендациялық сипаты бар.

18 қарашада Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Навальныйға "химиялық қару қолдану оқиғасы" бойынша іс қозғаудан бас тартқан. Іс қозғау туралы өтінішті Навальный құрған Жемқорлықпен күрес қоры түсірген. ФСБ оқиғаны өзге құқық қорғау органының тексеріп жатқанын алға тартып, іс ашпаған.

Ведомствоның жауабына көңілі толмаған Жемқорлықпен күрес қорының заңгерлері ФСБ "жалтарма жауап қайтарды" деп санайды. Олар ФСБ-ның әрекетсіздігіне шағымданып, сотқа арыз түсірген.

20 тамызда Навальный Томскіден Мәскеуге қарай ұшып бара жатқан жолда жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Борт төтенше жағдайда Омбыға қонып, саясаткер жергілікті ауруханаға жеткізілген. Екі күннен кейін оны Берлиндегі ауруханаға әкетті. Саясаткер тек 19 күн өткеннен кейін ғана есін жиды.

Германия сарапшылары Навальныйдың "Новичок" тобына кіретін қауіпті заттан уланғанын айтты. Мұны Еуропаның өзге де тәуелсіз зертханалары да растады. ЕО елдері Мәскеуді оқиғаны тергеуге шақырды. Олар сонымен бірге Навальныйға шабуыл жасауға қатысы болуы мүмкін Ресей шенеуніктеріне санкция салды.

Навальный өзіне арнайы қызмет Кремль нұсқауымен у берді деп санайды.

Ал Ресей билігі оппозиционердің улануына қатысы жоғын айтады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков және ресейлік дәрігерлер Навальныйдың ағзасынан у табылмады деп мәлімдеген. Мәскеу оқиғаны зерттеу үшін Германиямен бірігіп, әрекет етуге дайын екенін айтқан. Кремль Хмилиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымды "немқұрайлығы" үшін де айыптаған.

19 қараша 2020, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.