Атырау, 25 сәуір 14:03
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Жапония мен АҚШ әскери база бойынша келіссөз жүргізбек

3 381 просмотра

Жапония мен АҚШ өкілдері әскери базаларға жұмсалатын шығындарды бөлу туралы келіссөздердің бірінші отырысын өткізеді. Бұл туралы Жапонияның Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотеги мәлімдеді, деп хабарлайды qazaqtimes.com.

Мотеги мәлімдемесінде: «Келіссөздер Уашингтонда өткізіледі. Негізгі тақырып – Жапониядағы америкалық әскери нысандардың шығындарын бөлу. Бұл туралы келісім келесі жылы наурызда аяқталады. Біз базаларға бөлінген шығындар Жапония мен АҚШ-қа теңдей деп санаймыз», – деді. 

Министр келіссөздердің нақты күнін нақтылаған жоқ. Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы көмекшісі Джон Болтон Уашингтон 2019 жылы Токиодан жыл сайын елдегі америкалық әскери базаларды ұстауға 8 миллиард доллар бөлуді талап еткенін айтқан. Бұл сома қазіргіден 4,4 есе көп. 

Жапонияның биылғы бюджет жылында әскери базаларды ұстауға арналған шығындары 199,3 млрд иен. Яғни осы жылғы бағам бойынша 1,8 млрд доллардан астам. Жапония осы нысандарға байланысты барлық коммуналдық шығындарды төлейді, сонымен қатар олардың жергілікті қызметкерлерінің жалақысын алады. 

10 қараша 2020, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.