Атырау, 28 наурыз 21:45
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Атырауды қайтадан түтін басты

Толықтырылды
3 927 просмотра

Атырауды қайтадан Каспий жағалауында жанып жатқан қамыс түтіні басты.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қарашада сағат 11.20-да Кеңөзек ауылдық округіне жақын жағалауда қамыс жанған.

- Өртенген қамыс кеше, сағат 16.06-да сапалақтар мен аспалы өрт сөндіргіштердің көмегімен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 15 қызметкері мен 2 автоцистерна, «Трэкол» көлігі қатысты. Өрттің жалпы ауданы 1 га, - деп хабарлады ТЖД.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, жақында Кеңөзек ауылдық округінде 4 күн бойы қамыс жанғаннан кейін ол жерде уақытылы әрекет ету үшін кезекші посттар қойылған.

ТЖД мұны өрт деп емес, жану деп есептейтіндерін айтады. Егер жану ауданы 50 гектарға жетсе, онда ол өртке жатады, деп түсіндірді ТЖД.

Дегенмен, Атырау тұрғындарына бұдан келіп-кетер ештеңе жоқ. Адамдар қатты ыстың иісіне алаңдайды.

«Қалада тыныс алу мүмкін емес, ауада ыстың өткір иісі бар. Тұншығып жатырмыз!», - дейді наразы атыраулықтар әлеуметтік желіде.

Кешке ТЖД бүгін сағат 13.30-да сол аумақта қайтадан қамыс жанғанын хабарлады. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 22 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылған. Әзірге өртеніп жатқан қамысты сөндіру мүмкін болмады.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

5 қараша 2020, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.