Атырау, 19 сәуір 05:38
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Халықаралық жолаушылар әуе рейстері азайтылады

2 200 просмотра

26 қазаннан бастап бірқатар елдермен арадағы халықаралық жолаушылар рейстерінің саны қысқартылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, 2020 жылғы 26 қазаннан бастап келесі елдерге/елдерден халықаралық жолаушылар рейстерінің саны:

1) Біріккен Араб Әмірліктері - аптасына 8 рейске;

2) Беларусь – аптасына 5 рейске;

3) Германия – аптасына 2 рейске;

4) Украина – аптасына 2 рейске азайтылады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды: (термометрия, әлеуметтік қашықтық, беитперде кию, ПТР тестінің және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.

21 қазан 2020, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.