Атырау, 20 сәуір 04:24
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

АМӨЗ-ден шыққан түтін бүкіл қаланы дүрліктіргенімен, экологтар шектен асқан жоқ деп отыр

Бейнежазба
4 188 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

18 қазанда әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытында ауаға апаттық шығарынды жасалды деген бейнежазба тарады.

«АМӨЗ түнде жаңа қондырғыдағы факелден газ шығарады .Үздіксіз. Бұл пар емес. Пар тез тарап кетер еді. Зауытта жайсыз жағдай болған. Жағымсыз иіс айналаны алып кетті», - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Кейін зауыттың қоғаммен байланыс қызметі төмендегідей баспасөз хабарламасын таратты:

«17-18 қазанда зауыт қондырғылары технологиялық режимде жұмыс жасағандығын және әлі де режиммен қызметін жалғастырып жатырғандығын және авариялық жағдайдың туындамағанын хабарлаймыз. Технологияға сәйкес каталитикалық крекинг қондырғысы жану өнімдерінің атмосфераға енуіне жол бермейтін заманауи ВELCO (американдық технология) түтін газын тазарту жүйесімен жабдықталған. Қоршаған орта температурасының төмендеуіне байланысты түтін құбырларынан жылу ізі көрінеді, бұл ретте атмосфераға ластаушы заттардың асып кетуіне жол берілмейді».

Атырау облыстық экология департаментінде аталған факт бойынша 17 қазанда түнде жылжымалы мобильді зертханасы Атырау қаласы атмосфералық ауасынан сынама алу жұмыстарын жүргізді деп мәлімдеді.

- Сол күні жел оңтүстік-батыс бағытынан болды, атмосфералық ауада зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактілері анықталмады, - деді экология департаменті бастығының орынбасары Сырым ТІЛЕГЕНОВ.

Экологтың айтуынша, олар 19 қазанда таңертең покуратурамен бірігіп, зауытта жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Ал Атырау қаласында жағымсыз иіс әлі де байқалады. Қазгидрометтің интерактивті картасында қаланың бір учаскесінде күкіртсутегі мөлшерінің қауіпті деңгейін көрсетіп тұр. Бұл ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп тұрған тағы басқа үш учаскені қоспағанда.

№6 АЛББ: Бигелдинов көшесі, 10 А (ескі аэропорт, Атырау филиалы маңында) – 11 H2S (күкіртсутегі)


Айнұр САПАРОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

19 қазан 2020, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.